Елімізге дүрбелең салған кімдер?

437

Биылғы жыл еліміз үшін елеулі де күрделі оқиғамен басталды. Ұлан ғайыр қазақ даласы тағы да бір ауыр кезеңді басынан өткеріп, дүрбелеңге тап болды.

5-ші қаңтар күні Жаңаөзенде басталған бейбіт шеру Қазақстанның әр өңірінде жедел тарап, арты шиеленіс пен қанды қақтығысқа ұласты. Еліміздің сүйегін сыздатып, "қайғылы қаңтар" атымен есте қалған сол бір кезеңнің ауыр естеліктері тарих парағында мәңгі сақталмақ. Одан өткен кез келген мемлекет сабақ алып, кемшін тұстарын түзеуге бет алады. Бұл дүмпу Қазақстанды ғана емес, барша әлемнің назарын өзіне аудартты. Барша ел қазақ халқының бейбіт тұрғындарымен тілеулес екенін білдіріп, алаңдаушылық танытты. Осыған байланысты "Тәлім ТВ" арнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков: " Елдің назары бізде... Сынақтан сүйрінбей өтсек, мақтап, мереке қылады, берекеміз қашса, білгішсіп, келеке қылады"-деген еді. Расымен еліміз соңғы кездегі оқиғалардан сабақ алып, жаңа бетбұрыстарды жасамақ. Ал осы оқиғалар кімнің кесірінен, неден, қалай пайда болды?

Әрине, бұл сұрақтар барша халықтың көкейінде жүргені анық. Әлі еңсесін тіктей алмай, пұшайман хәлде отырған ел ағалары қаншама. Елді дүрліктіріп, бейбіт күннің аспанында халыққа жазықсыз оқ жаудырған бүлікшілер қайдан шықты? Олардың басшысы кімдер? Сан сауал санадан ағылып жатқаны анық. Әйткенмен, Қазақстандағы соңғы жаңалықтарға сәйкес бағдарламалар әлі шықпады. Алайда, бұл оқиға нақты кімдердің кесапатынан туындағаны мәлім. Оның көпшілігі террористтер, босқындар, нашақорлар, еңбек мигранттары. Қазіргі таңда қылмыскерлердің жалпы 10 000- ға жуығы ұсталып отыр. Алматы қаласында қылмыскерлерге қарсы қылмыстық іздеу әлі де жалғасып жатыр.

Алматы - Қазақстанның ең үлкен, алып шаһары болғандықтан, сан түрлі ұлт пен ұлысты кездестіру қиын емес. Олардың қаншалықты ресми түрде тіркелгені беймәлім. Алайда, 2013 жылғы есепке жүгінсек, 65 000 еңбек мигранты тіркелген. Мигранттардың дені - Өзбекстан азаматтары. Олардың көбісі жеке кәсіпкерлердің қолыңда жұмыс жасайды. Жұмыс жасау мерзімдері 1 - 12 айдың шамасы ғана. Ал биылғы жылы бұл көрсеткіш едәуір азайған. 2021 жылдың 1 қарашасына сәйкес жергілікті атқару органдарының рұқсатымен 16 059 шетел азаматы жұмыс істеп жатыр. Еңбек мигранттары: Қытай - 4068, Түркия - 2069, Өзбекстан - 1782, Үндістан - 1212, Ұлыбритания - 1047 адам келген. Жалдамалы жұмысшылардың еріккеннен ел аралап жүрмегендерін жақсы түсінуге болады. Отбасының қамы үшін, тіршілік жаны үшін шетел асып, тірлік қылып жүр. Ал енді кейбірінің "адамның аласы ішінде" демекші қандай пиғылмен елімізде жүргенін дәлдеп айту қиын. Қылмыскерлердің дені шетел азаматтары екені жасырын емес. Олардың негізгі мақсаты елімізге келіп, бүлік шығарып, жәдігерімізді қиратып, тарихымызға дақ түсіргісі келгені ме? Міне, олардан төнетін басты қауіп осы болып отыр. Сол үшін мемлекетімізге қосымша заңдарды күшейту қарастырылу керек. "Мынау не үшін келді?" "Қайдан жүр?" деп қадағалайтын бір заңның шығуы тиіс.  Зерттеулерге сүйенсек, дүниежүзілік ғалымдар мигранттардың мәртебесін заңдастыру қылмыс деңгейіне ерекше әсер етеді деген қорытынды жасаған. Қазақстанның еңбек мигранттары арасындағы қылмыс көрсеткіштері миграцияның транзакциялық бағасының жоғары болуы – бюрократиялық кедергілердің көптігі, рәсімдердің күрделілігі, жеке қауіпсіздіктің қажеттілігі және қиын логистика секілді жайттардың кесірінен жоғарылайтынын анықтап отыр.

Миграция туралы сөз қозғағанда, біз мұның күрделі, қарама-қайшылыққа толы, әрдайым өзгеріп отыратын үрдіс екенін түсінуіміз керек. Еңбек мигранттары жөнінде толық ақпараттар желіге онша жария етіле бермейтінін ескерсек, оның толықтырар тұсы әлі де көп екенін аңғаруға болады. Сол себепті, БАҚ-тағы мигранттар туралы бір пайымды, жағымсыз пікірмен берілген жазбаларды сыни түрде қабылдау керек. Жағымсыз әсерден де бөлек миграция – прогрестің негізгі қозғаушы күші болып қала бермек.

Басымызға қандай іс тұспесін біз мына құндылықтарды жадыдан шығармауымыз керек: "еліміздің болашағы жарқын болу үшін - білім мен сананың ілгерілеуі, елге деген сүйіспеншілік құндылықтарын құлдыртпағанымыз жөн! Әйтпесе, орны толмас оқиғаға тағы мәрте куә болмасымызға кім кепіл? Еліміздің бірлігі бекем болуы басты сатыға ойысу керек!

Айнұр Мейірбекова

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket