Алматы облысында канал маңында ойнап жүрген 6 және 8 жасар екі бала суға батып кетті. Бұл туралы облыстық ТЖД мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қайғылы оқиға 3 мамыр күні Қарасай ауданында болған. Жеткіншектер абайсызда суару каналына құлап кеткен.
«Оқиға орнында ені 6 метр және тереңдігі 1,5 метр болатын суару каналынан туыстары 2014 жылғы қыз бала мен 2015 жылғы ұл баланың денесін алып шыққан. Олар тұрғын үйден 300 метр қашықта ойнап жүргенде ересектердің қарауынсыз қалып, суару каналына құлап, батып кеткен», — делінген хабарламада.