Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанмен сөйлесті

3109
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан мен Түркия басшылары телефонмен байланысып, бірін-бірі Ораза айт мерекесімен құттықтап, бауырлас екі халыққа амандық, бақ-береке және табыс тіледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Президенттер сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға баса назар аудара отырып, Қазақстан-Түркия стратегиялық серіктестігінің даму перспективаларын талқылады.

Президент Ердоған Президент Тоқаевтың Түркияға 10-11 мамырға жоспарланған мемлекеттік сапары елдер арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестікті кеңейтудегі маңызды кезең болатынын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Анкарада өтетін келіссөздерге осындай көзқараспен келісті.

Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының экономикалық, гуманитарлық және мәдени байланыстарды кеңейтудегі маңызды рөлін атап өтті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер