Қорғаныс министрін таңдау: идеология қайда қалды?

7311
Adyrna.kz Telegram

Қорғаныс саласы кез келген мемлекет үшін аса маңызды. Әскері әлсіз елдің болашағы бұлыңғыр. Қазақстан әлемдік қорғаныс саласы бойынша рейтингте 62 орында тұр. Ал Орталық Азия елдерінің ішінде екінші орында. ОА елдері ішінде экономикасы қуатты саналатын Қазақстанның әскері Өзбекстаннан кейінгі позицияға жайғасқан. Әскердің негізін әуе, құрлық, теңіз күштері құраса, әскерді бастайтын қолбасшының харизмасы қашанда маңызды. Ғасырлар бойы қазақ халқы бас қолбасшыға ерекше мән берген. Бұрынғының Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбайлары, бүгінгі күннің қорғаныс министрлері десек болады. Алайда «қазіргі Қазақстанның қорғаныс министрлері батыр бабаларымыздың даңқты жолын жалғастырушы» деген атқа лайық па?

Қорғаныс министрі қызметін атқару үшін әр елде түрлі критерийлер бар. Кей елдер тек қана әскери салада қызмет атқарған тұлғалар қорғаныс министрі болуы тиіс десе, енді бір елдер тек титулды ұлт (мемлекет құраушы ұлт) қорғаныс министрі болуы тиіс дейді. Сонымен қатар саяси көзқарасы, діні, ұлтына да баса назар аударатын жайттар көп кездеседі.

Александр Васильев о том, почему военные в Турции настолько влиятельны - Газета.Ru

Түркиядағы Стамбұл университетінің PhD докторанты Нұрат Ілияс былай дейді: «Түркия мемлекетінде 700 жыл бойы идеология дін болып келді. Дінді басшылыққа алып, жаулаушылық саясатын жүзеге асырды. Ал соңғы 100 жылдықта Түркияның идеологиясы ұлтшылдық сипатқа ауысты. Яғни қазір оларда ұлтшылдық идеология басым. Ұлттық қоғамды құрды. Әскер дегеніміз кім? Ататүріктің көзқарасы бойынша ол ең білімді азаматтар, Түркияның тыныштығын күзететін элита, жанқиярлық танытатын, түрік халқын ішкі және сыртқы жаудан қорғайтын тұлғалар. Міне, Түркия әскері дәл осындай принциппен құрылды. Олар халықтың рухын оятатын тарихи оқиғаларды кеңінен оқытып, мектеп бағдарламасында кеңінен талқылап келеді.

Оларда ұлттық сана сезім жоғары тұр. Ол тіл арқылы жүзеге асуда. Мысалы соңғы жылы Грузия сол жолға түсуді бастады, ал Украина бір белестен асты. Балтық елдері оны 90-жылдары бастап кетті. Ал бізде өкінішке орай тілге келгенде бүгінде көпшілік айтатын құлдық сана басым. Оны мойындау керек. Түркия тілді ұлттық идеологияның бір негізі етті. Сондықтан да Түркияға кім барса да, ол түрікше сөйлеп кетеді. Мейлі ол күрд, мейлі ол орыс, мейлі ол ағылшын, мейлі ол қытай болса да. Түркияда түрік тілін білмесең, сен аш қаласың. Түрік әскері осыған да барынша ден қойған.

Түркия НАТО-ға кірген сәтте, «енді біз қорғалған күйдеміз» деп жатпай, қару жасау саласын дамытты. Бұл да тікелей идеологияға байланысты. Олардың әскерінің басты миссиясы елді, жерді қорғап қаламыз деген ойдан құралады. Міне, осы принциптерге сай тек қана әскер емес, сонымен бірге қорғаныс министрі де таңдаланды.Түркияда қорғаныс министрі ең ұлтшыл адамның бірі саналады».

Эксперт оценил вероятность сирийского столкновения армии Турции с войсками РФ — Новые Ведомости

Нұрғали Жүсіпбай, түріктанушы: «Түркия Республикасы болып құрылған сәтте де, Осман дәуірінен бертін де әскерилер ерекше каста болып саналады. Сондықтан әскерилерді басқаратын қорғаныс министрінің рөлі де аса жоғары. Ол ішкі және сыртқы саясатқа ықпал ете алатын тұлға есептеледі. Осы уақытқа дейін әскерилер қолымен бірнеше мәрте әскери төңкеріс болуы да соны дәлелдейді. Осман империясында да, Түркия Республикасы құрылған сәттен бастап та қорғаныс саласына жауапты тұлғалар ең алдымен сұлтанға, кейіннен президентке ең сенімді тұлғалардан таңдалатын. Әрине, олардың әскери тәжірибесі мен ұрыс алаңындағы машықтығы да маңызды рөл ойнайтын. Түркияның қазіргі қорғаныс министрі Хулиси Акар 2018 жылы өз лауазымын алды. Ол сол уақыттан бастап Ирак пен Сирияда Түркияға қауіп төндіретін күштерді жойып, бірнеше сәтті операцияны жүзеге асыра білді. Террорлық топтармен соғысуда өзінің біліктілігін көрсете білді деп Түркия қоғамы жоғамы бағалап отыр».

Бұл Түркияның қорғаныс саласына кадр таңдау жүйесі. НАТО құрамындағы Түркия бүгінде НАТО елдері ішінде АҚШ-тан кейінгі адуынды ел саналады. Өйткені ұлттық идеология, әскери өнеркәсіп алға қойылған. Ал ҰҚШҰ құрамындағы Қазақстан ше? Ұлттық идеологияны айтпаған күннің өзінде мемлекеттің тілге қатысты позициясын айқын білдіріп, "өкпелесең көшіп кет" деп отырған қолбасшысы бар елдің әскері айбынды болуы екіталай шығар?... Соңғы екі жылда екі әскери қоймасы жарылып, соғыссыз қаруынан, майдансыз сарбазынан (әскердегі әлімжеттік) айырылып жатқан Қазақстан әскерінің айбыны мен рухы, ұрысқа дайындығы бүгінде көпті алаңдатып отырғаны анық.

Түркия мен Жапонияда қорғаныс министрі болуы үшін бейресми шарттың бірі ұлтшылдық көзқарасты ұстану болса, АҚШ-та қандай да бір соғысқа қатысқан тәжірибелі генералдарды мнистр қызметіне тағайындау ежелден бар. Ал Қазақстанда қандай критериймен қорғаныс министрі қызметіне тағайындайтыны белгісіз. Кеше басқа министрлікті басқарған тұлға, бүгін қорғаныс министрлігінің тізгінін ұстап отыруы ғажап емес. Кадрге осындай көзқарас болған сәтте, мығым қорғаныс пен айбынды әскер жайлы айту артық болар...

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер