Ассамблеяны құру арқылы диаспораларды алдаймыз деп, өзіміз алданып отырмыз – Жанұзақ Әкім

5035
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, яғни 1 мамыр – бірлік күні. 130-дан астам ұлттық басын қосып отырған Қазақстан 1995 жылдың наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясын құрған болатын. Бүгінде 27 жыл болған Ассамблея  қандай жұмыс атқарады?

Бұл туралы белгілі қоғам қайраткері Жанұзақ Әкіммен тілдескен едік.

Төменде қайраткердің Қазақстан Халқы Ассамблеясы туралы ой-пікірімен бөлісеміз:

Алдыңғы күні Президент Ассамблеяның съезіндеболып, баяндамасын жасады. Алайда солбұрыңғы қос коммунистік дәуірдегі этикеттен әлішыға алмай жүрміз.

Біріншіден, Ассамблея 1994 жылы құрылды. Оған төраға болған Олжас Сүлеймен мен  МұхтарШаханов 1992 жылы Қазақстан Конгресіпартиясын құрды. Сол партиядан кейін Мұхтар Шаханов шығып кетті. Ал 1993 жылдың күзінде ленум жасаймыз деп жиналыс өткізді. Ондағы негізгі мақсат - Қазақстанда 2 мемлекеттік тілдіңболуына әрекет еді. Ол үшін Амангелді  Айталы ағамыз екеуміз қарсы шықтық. Кейін сол партия тарады. Бұның дұрыс емес екені 1993 жылы-ақ дәлелденді. Бір елде мемлекеттік бір тіл болу керек. Соның орнына 1994 жылы осы Ассамблея деген құрылды.

Әрине, ол кезде бұл қажет болды. Мына әр халықтың басын қосып, біріктірейік деген ой болды. Жаңадан құрылып жатқан Тәуелсіз ел және экономиканың ең қиын кезеңі еді.Сондықтан да қажеттілік болған болар. Бірақміне, 1994 жылдан бері 28 жыл өтті.

Содан бері көбісі ана тілінде оқудың орнына, орыс тіліне бейім болып, қазақ тілін оқудыңқажетсіз санады. Енді Мемлекеттік тілге келсек, оның дамымай тұрғаны Конституцияның 7 бабында ғана емес. Мәселе, осы Конституцияның өзінде. Осыдан кейін Ассамблеяға бюджеттенқаржы бөліп, оны бүкіл бір институт қылыпқойды.

Негізінде бұл өзінің миссиясы болса, ҚазақстанТәуелсіздік жылдарының бастапқы жылдарысоны атқарып бітірген сияқты. Қазір соңғы 10-15 жылда тек сыннан басқа ештеңе көріп кележатқан жоқ. Себебі, оның миссиясы болмағаннанкейін, ол жұмыс істемейді.

Индияда 2800 диаспора бар. Бізден көрі 30 есекөп. Бірақ оларда Ассамблея деген жоқ. Неге? Себебі, оларға қажетсіз. Бір шаңырақта 100 қазанкөтеріп,  100 тілде сөйлемейді. Сондықтан оныңбәрі мемлекеттік деңгейде 1 тілде сөйлеу керек. Егер Қазақстанды тұрақты мемлекет құруға жете алмағандықтан,  біздің мұсылман ағайындар бас көтеріп жатыр. Сол Қордайда Қазақ тіліноқымаймыз деп, біразы көшіп кеткені бар. Сондықтан бұл мәселеге түпкілікті қарау керек. Бұрыңғы саяси этикетпен емес, бұл одан да терең.

Маркстың айтқаны  бар: саяси этикетте сатыпалушы да, сатушы да  алданады. Біз осы Ассамблеяны құру арқылы диаспоралардыалдаймыз деп, өзіміз алданып отырмыз. Қорытындысында,  Қазақстан мықты Мемлекеткеайнала алмай отыр. Осылай саясатты жүргізеберсек, ол айналмайды да. Себебі, Халықтардостығының лабораториясы деген Совет үкіметінің жалғасы болды. Ол лаборатория не болды? Оның мақсаты - аштықпен қыру. Сол саясаттың жалғасын, біз зардап шегіп отырмыз. Сондықтан ол үшін бюджеттен Қаржы бөлудітоқтату керек.

Дамыған елдердің ешқайсысына қаржы бөліпжатқан жоқ. Олар жасанды партиялар.

Анау президенттің жанындағы стратегиялықинституттан бастап, 100-ден астамуниверситеттер, ғылыми-зерттеу институттарыбар. Бірақ бəрінің істеп отқаны ғылымменды,гуманитарлық ғылымдарды дамыту емес, тіл-аралық қатынастар тағы басқа немесе мемлекеттік жүйені бекітіп, қоғамдағы тұрақты сақтайтын тақырыптарды шешіп отқан жоқ.

Бəрі тек ана билікті мақтау, жалбақтаумен жүр. Ақсақалдар болса жылына бір беретін ауызашар, Ақорда ма қай жерде соны күзетіп жүр, басқа жұмыс жоқ. Сондықтан ел боламыз десек, діннің мəселесін де қайта қарауымыз керек. Білім мен ғылымды, ұлтаралық қатынасты, өркениетті жолға қою керек. Ал біздегі жағдай, қайта керісінше. Егер ертең бір кішкентай қиын кез болса, бомба жарылайын деп тұр, неге? Себебі, бəрі жасанды мемлекеттік жүйеде, бізде бəріжасанды.

Бюрократиялық партиялар, коррупциялықэкономика, елді басқарып жүргізетінКонституциямыздың барлығы коррупция. Конституцияның 60%авторитарлық режимнің ұзақ отыруын, мəңгі отыруын сақтау үшін жасалып қойған жасанды дүние, қоғам мен халыққа қарсы істеп қойған қылмыстық жүйе. Осыны түзетуіміз керек.

Соны түзетудің бір саласы міне – Ассамблея. Әр жерде кəсіпкерлер бола ма, басқалай бола ма,қоғамдық ұйымдар ма, жан-жақты көмек беру керек. Театрлар, ұлттық театрлар, кəрістердің, немістердің, тағы да басқа театрларды қаржыландырып отыр. Қазақ театырынан екі есе артық ақша беріп отыр. Бірақ оларда ешкім шулап жатқан жоқ. Сол сияқты көп мəселеге саяси коммунистік тұрғыдан емес, ашық қоғам тұрғысынан қаралғаны дұрыс.

Адам құқығын сақтау керек. БАҚ құралдарының еркін жұмыс жасауына мүмкіндік беріп, қыспалауды қою керек.

Авторитарлық жүйе өлетін жүйе. Міне, Украина мен Белорусь, Ресейді қараңдар, бір жағында Украина, екінші жағында Белоруссия мен Ресей. Бір жағы фашизимге жақын, екінші жағы болашағынан үміт күткен ашық қоғам. Сондықтан бəрі көз алдымызда ғой.

Əңгіменің шындығы сол. Қазақстанның барлықазаматтары, Конституцияда жазылғанмемлекеттік тілді құрметтеу керек, бұл елдіңзаңдарын құрметтеу керек. Егер құрметтей алмайма? Барсын баратын елдеріне. Елді, жерді, қазіргіжағдайда бізде елдің иесі жоқ. Билік иесі боламдейді, бола алмайды. Себебі, ол халыққасүйенбеген.

Халық біреу, ол - қазақ. Жердің, елдің иесіболмаған соң, оның киесі болмайды. Оның кез-келгені, қаңғырып келген анау Голощекиннемересі Машкевичтен бастап, неше түрліалаяқтар биледі.

Бүкіл байлығыңа, билигіңе солар ие болады.  Сосын сырттан отырып əне, ит үреді, ит болмаса, ит жоқ жерде шошқа үреді. Соның бəрін тыңдап, құл болып салпандап жүресіндер.

Сондықтан Ассамблея дегенді қысқарту керек. 22 жылға дейінгі партиялар алдағы сайлауларғақатыспау керек. Себебі олар авторитарлық, диктаторлық режимге қызмет еткен, халықтықанауға қызмет еткен, бюрократияның дамуынақызмет еткен, коррупциялық жүйенің өршуінеосылай жұмыс жасаған партиялар.  Парламенттетұрғандардын бəрін таратындар. Қалам десеқалсын. Бірақ бюджеттен бір тиын көмектеспеукерек.

Бірақ міне, атын өзгертті. Алайда затынөзгерткен жоқ. Ондай реформа болмайды. Осыныойлайық! Ел өзіміздікі.Меккеге кетіп бел  қалар, бектер кетіп ел қалар”,-  дейді. Билікте кетеді, біркүні тоңқаяды, ол қалай тоңқаяды? Кәрім тоңқаяма кім біледі енді оны? Немесе қырғыздардыңпрезиденттері сияқты, елден кете ме? Бакиев,Сакиев дегендер сияқты.

Жердің де , елдің де, бəрінің иесі - Қазақ халқы. Соны түсіну керек. Ал түсінбейтіндермəңгүрт бола ма, мешки бола ма,  кім болады? Сыйламайтындар, оның қадірін түсінбейтіндеркетсе кетсін. Болды, осындай ұстаным болу керек, оны бəрі білу керек Қазақстандықтардың! Жақсы, аман болайық!

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер