Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен роботтехника чемпионатында бас жүлдеге ие болды

1541

Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен роботтехника бойынша чемпионатта бас жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

20-23 сәуір аралығында Хьюстонда (АҚШ) 7-9 жас аралығында роботтехника бойынша FIRST LEGO LEAGUE әлем чемпионаты өтті. 2022 жылы әлемнің түкпір-түкпірінен келген оқушыларға арналған жарыстың тақырыбы - жүк тасымалы болды.

Әлемдік форумда LEAS қосымша білім беру орталығының атынан Қазақстан командасы өнер көрсетті. Алматыдан барған оқушылар тиімді жүк тасымалдарына байланысты проблемаларды шешудің бірнеше жолын ұсынды, олардың арасында дрондары бар пойыз да болды. Олар ең басты номинацияда - Challenge Solution Award - "Ең үздік жобалық шешім" бойынша жеңіске жетті.

Команда жаттықтырушысы Тимур Мақажановтың айтуынша, балалар бұл үшін тоғыз ай қарқынды дайындықтан өткен.

"Олар жүк тасымалдарын, жүк тасымалдаудың қандай тәсілдері бар екенін, басқа өңірлерде жеткізу қалай жолға қойылғанын, бүгінде қандай инновациялық шешімдер бар екенін зерттеді. Балалар идеялар ойлап тауып, оларды мұқият пысықтады. Ұзақ уақыт дайындалды. Негізгі қиындықтардың бірі - ағылшын тілімен жұмыс жасау деп айтуға болады. Біздің дайындық, көрсеткен идеямыз судьяларға үлкен әсер қалдырды, олар бізге тамаша пікірлер жазды", - деп бөлісті Мақажанов тілшіге берген сұхбатында.

Робототехника бойынша әлем чемпионатында әлемнің түкпір-түкпірінен 60 команда қатысты, алайда қазақстандық балалардың жобасы Ең үздік атаққа ие болды.

4D атты командада алматылық төрт бала - Дэниел Ким, Демид Боборенко, Даниял Мұратов және Диар Адам Айбар болды.

"Қазақстандағы көліктің негізгі түрлерінің бірі - теміржол. Үлкен аумақта көп қала жоқ, сондықтан шағын қалаларға тауап жеткізуді жеңілдету үшін біз дрондары бар пойыз жасадық. Пойыз белгілі бір станцияға жақындағанда, дрондар одан ұшып шығып, арнайы "дрон қабылдау базасына" барады. Сол жерге сәлемдемелерді қалдырып, одан ары пойызға оралады. Бұл сәлемдемелерді жеткізуді және өңдеуді тездетеді", - деп түсіндірді Даниэль Ким.

Бұл идеяға америкалық Google корпорациясы да қызығушылық танытып отырғаны айтылды. Қорпорация өкілдері қазақстандық чемпиондарды болашақта Google-ға жетекші инженер болуға шақырған екен.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket