Азық-түлік бағасы тағы да өсуі мүмкін

2431
Adyrna.kz Telegram

Сарапшылар азық-түлік бағасының тағы да өсуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Turkistan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстанда 2022 жылдың наурыз айында азық-түлік тауарларының бағасы 5,8% өсті, ал жылына 15,4% көтерілді. Жыл бойынша шаққанда бағаның қымбаттауы ең көп Ақтөбе облысында тіркелді – баға 18,5%-ға өскен. Түркістан облысы мен Шымкентте – 17,2%-ға, Жамбыл облысында – 16,7%-ға өсу тіркелді.

Елімізде жемістер мен көкөністер бірден 25,9%-ға, қант, тосап, бал, шоколад және кондитерлік өнімдер – 24,7%-ға, майлар мен тоң майлар – 17,4%-ға, нан өнімдері мен жарма – 13,6%-ға, балық және теңіз өнімдері – 13,1%-ға қымбаттады. Ет, оның ішінде ет өнімдері – 12,9%-ға, сүт өнімдері – 11,8%-ға өсті.

Сәуір айының толық деректері әлі жоқ. Бірақ, зерттеушілердің айтуынша, теріс динамика жалғасып отыр.

Мәселен, 1 сәуір мен 12 сәуір аралығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тікелей мемлекет бақылайтын және реттейтін бағалар тағы 1,8%-ға, ал жыл басынан осы күнге дейін бірден 13,4%-ға көтерілді.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер