Қажет болса, біз Ресеймен әлі 10 жыл соғыса аламыз - Зеленский

5023
Adyrna.kz Telegram
Фото: thescottishsun.co.uk
Фото: thescottishsun.co.uk

Украина президенті Владимир Зеленский CNN арнасына берген сұхбатында Ресеймен арадағы келіссөздерді ойдағыдай жүргізу мүмкіндігі күн сайын азайып бара жатқанын, қажет болған жағдайда Украина «Ресей Федерациясымен он жыл бойы соғыса алатынын» айтты. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады. 

"Мүмкіндіктер күн сайын азайып барады. Буча, Вольноваха, Бородянка, Мариуполь туралы ойланыңыз. Ешкім сөйлегісі келмейтін уақыт жақындап келеді. Біздің қоғам келіссөздерді жалғастырғанымызды қаламайды", - деді президент.

Сонымен бірге, Зеленский соғыс шексіз болмас үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек деп қосты, өйткені ол неғұрлым ұзақ жалғасса, соғұрлым украиндар көп жоғалтады. Егер Ресеймен сөйлесу мүмкіндігі болса, онда Украина сөйлейтін болады, бірақ ресейлік ультиматум негізінде емес.

Сондай-ақ, президент Киев Ресеймен соғысты тоқтату үшін Донбасстан бас тартпайтынын атап өтті. Украинаның шығысындағы шайқас соғыстың одан әрі дамуына әсер етпек.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер