"Қорғаныс министрлігі ай қарап жүрді ме?": Шиповских Шпекбаевқа шүйлікті (ВИДЕО)

16315
Adyrna.kz Telegram

"Аманат" партиясының 15 сәуірдегі отырысында мәжіліс депутаты Геннадий Шипповских Руслан Шпекбаевқа қару-жарақ саласына қатысты сұрақ қойды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Қаңтар оқиғасында біз ҰҚШҰ әскерінен көмек сұрауға мәжбүр болдық. Өздеріңіз айтқандай, бұл оқиға дейін де кейін де президент бірқатар тапсырмалар берді. Қаңтар оқиғасына дейін Қорғаныс министрлігі ай қарап жүрді ме, сонда? Қорғанысты дамытуға қыруар қанша қаражат кетіп жатыр. Бұл - бір. Екіншісі, бүшгінгі біздің дөңгелек үстел нақты отандық өнеркәсіпке байланысты. Нақты сұрақ қойғым келеді, біз отандық қарулардан не шығарамыз? Құрастыру мәселесінен бөлек, біз не өндіреміз? Ресейде өзіндік "Армата" танкісі бар, Америкада "Абрамс" танкісі шығады. Тіпті кішкентай Израильдің өзі "Узи" қаруын шығарады. Ал бізде қару-жараққа қырғын ақша кетіп жатыр. Ал біз не өндіреміз, не шығарамыз?" деді Геннадий Генадиевич.

Шпекбаев мырза орыс ұлтының қазақ тілінде қойған сұрағына рұқсат сұрап орыс тілінде жауап берді:

"Жалпылай алғанда қорғаныс қару жарақтары туралы айтар болсақ, біздің республикада советтік система әлі де қалды. Яғни, арнайы қару жарақтар шығаратын бөлімдер бар. Біздің елде ұшақ, ракета, танк сынды құралдар сақталған жоқ. Кеңестік одақтан қалғандары ғана. Оларды шығарудың өзіне келер болсақ, бізден шыққан күнде де бәсекеге қабілетті түрде өндіріледі деп айта алмаймын" деп жауап берді генерал Шпекбаев.

Пікірлер