«Астанаэнергосбыт» ЖШС-на 6 млн теңге айыппұл салынатын болды

2691
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

“Астанаэнергосбыт” ЖШС-на 6 млн теңге айыппұл салынатын болды. Табиғи монополияларды реттеу комитеті «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның жұмысына тексеріс жүргізіп, бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Елорда тұрғындары соңғы айларда коммуналдық төлем квитанцияларында көрсетілген электр энергиясын пайдаланғаны үшін төлемдердің өсуін байқаған. Осы мәселемен Табиғи монополияларды реттеу комитетіне қызмет көрсетушінің жұмысын тексеруге өтініш берген.

«Астаналық тұтынушылар өтініші негізінде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаментпен бірігіп, «Астанаэнергосбыт» ЖШС-на қатысты электрмен жабдықтау қызметтері үшін төлемге көтеріңкі шоттар қоюдың негізділігі тұрғысынан жоспардан тыс тексеру өткізді», – делінген хабарламада.

Комитет баспасөз қызметінің мәліметінше, мекеме астаналықтарға электр энергиясын пайдаланғаны үшін төлемдерді негізсіз өсіргені белгілі болды.

«Астанаэнергосбыт» ЖШС әрекеттерін тексеру қорытындылары бойынша электр энергиясын тұтыну көлеміне байланысты тарифтерді саралау кезінде төлем сомаларын есептеу тәртібін бұзу анықталды. Бұл тұтынушыларға төлемге қойылған негізсіз жоғары сомаларға алып келді. Тексеру барысында жүгінген 56 тұтынушының 32-сіне 129 мың теңге мөлшерінде негізсіз сома қойылғаны анықталды. Мысалы, тұтынушылардың бірі бойынша төрт айда артық төлемнің жалпы сомасы 17 мың теңге болған (Нұр-Сұлтан қаласының тұтынушылардың кВт/сағ үшін 4,5 мың теңге мөлшерінде ай сайынғы орташа төлем кезінде)», – делінген хабарламада.

Мекемеге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 167-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған. Оған сәйкес, 2000 АЕК немесе 6 миллион теңгеден жоғары мөлшерде айыппұл көзделген.

Сондай-ақ, «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның атына электр энергиясын төлеу сомасы заңсыз есептелген елорданың барлық тұтынушыларына төлем сомасын қайта есептеуді жүргізу арқылы жол берілген заңбұзушылықтарды міндетті түрде жою туралы нұсқама енгізілген.

«Тұтынушылар ұсынылған шоттардың негізсіз артық көтерілгенін анықтаған жағдайда, қайта есептеу жүргізу үшін «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның атына жүгінуге құқылы. «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның тарапынан қайта есептеуден негізсіз бас тартқан жағдайда, тұтынушылар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментіне жүгінуіне болады», – делінген хабарламада.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер