Қазақстан "Сбермен" келісімнен бас тартты

879
Фото: Сбербанк
Фото: Сбербанк

Қазақстан ресейлік «Сбер» компаниялар тобымен мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа цифрлық платформасын енгізу туралы келісімнен бас тартты және платформаны өз күшімен әзірлеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбақин айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Қазір геосаяси жағдайға және өз мүмкіндіктерімізді қайта қарастыруға байланысты «ҰАТ» АҚ-пен қазақстандық IT-компанияларды тарта отырып, өз күшімізбен платформа жасау туралы шешім қабылданды. Техникалық-экономикалық негіздеме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл жылдың аяғына дейін жаңа платформаның алғашқы қызметтері әзірленіп, қолданыла бастайды», — деді Жамбақин ОҚК-да өткен брифингте журналистер сұрағына жауап беріп.

Айтуынша, жаңа платформаны толық әзірлеу және енгізу шамамен 2-3 жылға созылады.

Еске салайық, бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа цифрлық платформасын енгізу жоспарланғанын түсіндіріп өткен болатын.

Кейін Қазақстан Үкіметі мен «Сбербанк России» қол қойған цифрлық трансформация жөніндегі жобалар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумның жағдайы белгілі болды.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket