«Мәскеу» зымырандық крейсері суға батып кетті

4209
Adyrna.kz Telegram
Фото: dw.com
Фото: dw.com

Отқа оранған Ресейдің Қара теңіз флотының флагманы «Мәскеу» зымырандық крейсері сүйретіліп жатқан кезде суға батып кетті. Бұл туралы РФ Қорғаныс министрлігі хабарлама таратты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ведомствоның мәліметінше, «оқ-дәрілердің жарылуынан өрт кезінде алынған корпустың зақымдалуына байланысты» кеме орнықтылығын жоғалтып, «дауылды теңіз жағдайында» батып кеткен. Бұған дейін РФ Қорғаныс министрлігі крейсердің экипажы аймақта болған Қара теңіз флотының кемелеріне эвакуацияланғанын хабарлаған.

14 сәуірге қараған түні Ресей қорғаныс министрлігі «Мәскеу» крейсерінде басталған өрт салдарынан оқ-дәрілер жарылғанын хабарлады. Агенттік экипаждың толық эвакуацияланғанын, негізгі зымырандық жабдықтардың зақымданбағанын мәлімдеді. Кейінірек өртті локализациялаудан кейін кеменің қалқып қалғаны хабарланды.

Киев крейсерге украиндық екі кемеге қарсы «Нептун» зымырандары тигенін хабарлады.

DW мәліметінше, Ресей Қара теңіз флотының флагманы «Мәскеу» зымырандық крейсері 1979 жылы ұшырылған. Оның қару-жарақтарының арасында кемінде 700 км-ге жететін P-1000 Вулкан кешенінің 16 кемеге қарсы зымыраны, S-300 Fort ұзақ қашықтықтағы әуе қорғаныс жүйелері болды.

Forbes мәліметінше, бұл Ресейдің Украинамен соғыстағы ең қымбат әскери шығыны. Мәскеу крейсерінің болжамды құны 750 миллион долларды құрайды.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер