ҚР сауда және интеграция министрлігі сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар Әбілдабеков “Алтын орда” базарының тексеріс жұмыстары аяқталуға жақын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Қазіргі таңда 114 сауда базарында қатаң тексеріс жүргізіліп жатыр.
"Алтын орда" базарына жүргізілген жедел тексеру жұмыстары аяқталып жатыр. Бақылау нәтижелері бойынша көптеген заң бұзушылықтар анықталды, оның ішінде салық заңнамасы бойынша өсімпұл есептелгенге дейінгі сома қазірдің өзінде 1,1 млрд теңгеден асып кеткен. Салық салынатын базаны төмендетіп көрсету фактілері көп, бақылау-кассалық машиналары жоқ және т.б. Сондай-ақ фитосанитарлық және ветеринарлық нормалар да бұзылған", - деді Айдар Әбілдабеков сәрсенбі күні өткен брифингте.
"Біз қажетті инфрақұрылымды аумақтық орналастырудың және шоғырландырудың мақсатқа сәйкестігін қарастырамыз. Сонымен қоса нарық иесін отандық тауар өндірушілердің басымдықты, сауда орындарына еркін қол жеткізуі үшін нарықтарды жаңғыртуды міндеттейміз", - деп қосты комитет төрағасының орынбасары.
”Адырна” ұлттық порталы