Алматы әкімі Ерболат Досаевтың сенбілікте жүрген фотосы жұрттың талқысына қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Сенбілікке шыққан 60 мың адамға Алматы әкімі Ерболат Досаев та қосылды. Аулалар, саябақтар, скверлер мен су қоймаларының жағалары тазартылып, ретке келтіріліп, жасыл желектер жетіспейтін жерлерге мыңдаған жас ағаштар отырғызылды.
Қоғамдық жұмыс күні қала тұрғындары 11 мың текше метрге жуық қоқыс жинады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Оны жою үшін қаланың коммуналдық шаруашылығы мен кәсіпорындарының 502 арнайы техникасы тартылды. Сондай-ақ сенбілік барысында турникеттер, орындықтар, қоқыс жәшіктері сырланып, жаңартылды. Сонымен қатар, қаланың абаттандырылған жерлеріне ағаштар отырғызылды.
Сенбілікке Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Жетісу облысының әкімі Гүлнар Көкобаева, журналист және қоғам қайраткері Сергей Пономарев және басқа да бірқатар танымал алматылықтар атсалысты.
"Адырна" ұлттық порталы