Алматы облысы шатқалдарында жүк көлігі аударылып, жүргізуші мерт болды

4570
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/04/izobrazhenie_2022-04-10_110306270.png
Алматы облысындағы тау шатқалдарында жүк көлігі аударылып, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметіне сілтеп.  «9 сәуірде сағат 15.30-да Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Ескелді ауданы, Черкасай шатқалында «Газ-66» автокөлігі тау жолынан шатқалға аударылып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға салдарынан 1969 жылы туған ер адам оқиға орнында қаза тапты, тағы бір 1990 жылы туған ер адам жарақат алды», - деп хабарлады. Ведомствода хабарлағандай, қаза болған жүргізушінің денесін шығару үшін ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары (бес қызметкер мен бір техника), еріктілер (10 адам мен екі техника) жұмылдырылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии