72 жасар қарт жаяу марафонға аттанды

719
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени және табиғи мұражай-қорығының қызметкері және еңбек ардагері Сәрсенбай Қотырашов Қазақстанның кең байтақ даласын жаяу жүріп өтпек, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп. 

Қарашаға дейін 72 жастағы ақсақал бүкіл елді аралап, қолданбалы өнер шеберлерімен кездесіп, өзге өңірлердің тұрғындарын Ұлытау ауданының тарихымен және киелі жерлерімен таныстырмақ.

Ол күніне 40 шақырым жол жүруді жоспарлап отыр.

«Ұлытауға бардың ба?» деп аталатын жаяу марафон кеше басталды. Алыс жолға шығар алдында Сәрсенбай Қотырашов «Ұлытау» мұражай-қорығындағы әріптестерімен кездесіп, өз бағытымен бөлісті.

«Мен жеті жыл бойы жаяу марафонға дайындалдым. Менің мақсатым – қолөнер шеберлерімен кездесіп, қазақ халқын Ұлытау тарихымен таныстыру. Соның ішінде «Көкмайса» фестивалін насихаттау да бар. Мен Қазақстанның барлық өңірлерін аралап өтуді жоспарлап отырмын. Қызылорда, Түркістан, Шымкенттен бастаймын. Әрі қарай Тараз, Алматы, Талдықорған қалаларына жол тартамын.Қазақстанның үздік қолөнершілерінің тізімін жасағым келеді. Менің бүкіл бағытым әлеуметтік желілерде жарияланады», – дейді саяхатшы.

Марафоншының жолы: Ұлытау – Қызылорда – Түркістан – Шымкент – Тараз –Алматы – Талдықорған – Аякөз – Семей – Павлодар – Нұр-Сұлтан – Көкшетау – Петропавл – Қостанай – Ақтөбе – Орал – Атырау – Бейнеу – Ақтау.

”Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket