Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды туралы не білеміз?

8772
Adyrna.kz Telegram
Фото: global55.ru
Фото: global55.ru

«Қаңтар оқиғасынан» кейін билік басында отырған ұрылардың біршамасы ұсталды. Олардың бірі - 13 наурыз күні  лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша күдікке ілініп, қамауға алынған Қайрат Сатыбалды болды.

Қайрат Сатыбалды - Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, тұңғыш президенттің ағасы Сатыбалды Назарбаевтың ұлы, кәсіпкер. Forbes журналы 2018 жылы оны Қазақстандағы ең ықпалды 50 кәсіпкер қатарына жатқызған. Журнал сол жылы оның байлығын 163 млн долларға бағалады.

Жеке өмірі

Жеке өміріне келсек, Сатыбалды үш баланың әкесі. Жұбайы Гүлмира Қауасқызы Назарбаева, мұғалім, кәсіпті жұбайымен бірге дамытқан.

1991 жылы әйелі Қайратқа Бауыржан есімді тұңғыш сәбиін сыйлады. Кейін отбасында тағы екі қыз дүниеге келді - Аружан (1999 ж.т.) мен Дария (2002 ж.т.). 2005 жылы Қайрат Сатыбалдының некесі бұзылды. Ажырасу себептері ашық айтылмады.

Қайрат Сатыбалдының әкесі Сатыбалды Әбішұлы Назарбаев (1947-1981) – Н. Назарбаевтың туған інісі. 1981 жылы жол апатынан қаза тапқан. Ал анасы Светлана Мырзахметовна Назарбаева ұстаз болып қызмет еткен. Сондай-ақ, "Дәуір" баспасының бас директоры.  

Биліктен бизнеске... 

Әскери борышын өтеген Сатыбалды 1992 жылы Қазақстанның қауіпсіздік органдарына қызметке орналасады. Қайрат алты жыл бойы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының жоғары лауазымды тұлғалар жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Осы уақыт ішінде бұдан бөлек, заңгер мамандығын оқып алды.

ҰҚК-де қызмет еткеннен кейін Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласы әкімінің орынбасарының жоғары лауазымына тағайындалды. Осы жолда ол бизнес саласында да дами бастады. Биліктің жоғары эшелонындағы байланыстары мен заң ғылымдарының кандидаты атағы Сатыбалдыға 2000 жылы «KazakhOil» ірі мұнай-газ компаниясында вице-президент қызметінде келді.

Екі жылдан кейін Назарбаевтың немере інісі «ҚазМұнайГаз» деген  мемлекеттік компанияның әлеуметтік мәселелер, стратегиялық жоспарлау және телекоммуникациялар жөніндегі басқарушы директоры қызметіне көтерілді.

Саяси аренада Сатыбалдының өмірбаяны да тоқырауға ұшыраған жоқ. 2000 жылдардың басында «Менің Қазақстаным» патриоттық ұйымын басқарды. Сонымен қатар, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының тізгінін ұстады, оның қарамағында үш спорт федерациясы болды.

2002 жылдан кейін Қайрат «Нұр Отан» партиясының қатарына өтіп, сол жерде жылдам қызметі көтеріліп, төраға орынбасарына дейін барды. Сондай-ақ, Қайрат Сатыбалды осы уақыттар аралығында оқумен де айналысыпты-мыс.  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін экономист, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетін мұнай инженері мамандығын тәмамдап алған.

ҰҚК-дегі қызметіне қайта оралған саясаткер онда жетекші орындардың бірінде болды. Бірақ екі жылдан кейін ол қайтадан бизнеске ден қойып, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бірінші вице-президенті болды. Осы жолда Сатыбалды «Ақ Орда» республикалық қозғалысы» қоғамдық бірлестігін және «Қайрат және дүние» халықаралық қайырымдылық қорын басқарды. 2010 жылы ол ең ірі билік партиясы «Нұр Отанның» хатшысы болды. Бұл қызметті бес жыл атқарды.

Сондай-ақ, Қайрат Kaspi банк холдингінің ірі үлесіне ие, ол «Allur» компаниялар тобы» АҚ тәуелсіз директоры, 2015 жылдан бері «Alatau Capital Invest» компаниясының басқарушы серіктесі.

Сатыбалды 2015 жылы Kaspi Bank акцияларын сатып алып, Вячеслав Ким және Baring Vostok компаниясымен бірге ең үлкен үшінші акционер атанған. Назарбаевтың немере інісіне акциялардың 30%-ы тиесілі болған. Ал 2018 жылы ол Kaspi Bank-тегі өз үлесін толығымен Қазақстан қор биржасына сатты.

Сарапшылар мұны Kaspi-дің IPO-ға шығуына қажетті болған жалған сауда деп атады. 

«Қайырымды Қайрат»

Қайрат Сатыбалдыұлы 2005 жылдан бастап жұрт көзіне түсе бастаған. ҰҚҚ генералы сол жылы ұйымдастырған «Ақ орда» атты қоғамдық қозғалысқа өзі басқаратын ұлттық спорт түрлері ассоциациясы мен «Қайрат» қайырымдылық қорын қосып, «Орда и К» атты бизнес құрылым жасаған.

Ол «Ақ орда» қозғалысы құрылар қарсаңында берген бір сұхбатында 17 кесене мен 25 мешітті жөндеуге демеушілік жасағанын да айтқан. Бұл сөзден кейін кейбір сарапшылар  2005 жылға дейін Меккеге жеті рет барып, екі рет қажылық парызын өтеген Қайрат Сатыбалдыұлының қозғалысы «діни бағытты көбірек ұстауы мүмкін» деген болжам жасаған. Ал Сатыбалдыұлы мұндай болжамдарға «мақсатымыз – экономикалық және қоғамдық реформаларды жеделдету» деп жауап берген. Бірақ «Ақ орда» қозғалысы құрылғаннан кейін де бірнеше рет сайлау өтсе де, Сатыбалдыұлы саяси белсенділігімен көзге түскен емес.

Фото: ашықдереккөзден алынды

Жергілікті БАҚ кәсіпкердің исламның жат ағымдардың шабуылынан тазартуды уағыздайтын салафизм тармағының қамқоршысы болғанын бірнеше рет жариялады. Бірақ Сатыбалдының өзі сұхбатында оның жай ғана ислам дінін дамытумен айналысатынын айтты.

Айта кетейік, Қазақстандық халықаралық адам құқықтары және заңдылық бюросының сайтында 2010 жылғы 11 қарашадағы «Қазақстан: биліктегі «салафиттер»» материалы жарияланған. Онда Сатыбалды салафизмнің меценаты деп аталады.

«Мемлекет басшысының туысы тоқсан сайын«Сәләфилер» қорына 50 мың доллар аударыптұрады, оның үстіне Сатыбалдыға жақынадамдардың айтуынша, жазда Алматыоблысының Құшшы ауылында сәләфилерге арнаптағы бір мешіт салып берген», - делінген мақалада.

 

фото: видеодан алынды

Сонымен қатар, 2010 жылы «Нұр Отан» партиясының хатшысы қызметіне тағайындалған Қайрат Сатыбалдыұлы бұл қызметінде «айтыс өнерінің демеушісі» ретінде көбірек аталды. Ол 2011 жылы сәуір айында 50 айтыскер мен он шақты жазушы және журналист – жиыны 60 адамды кіші қажылыққа да жіберген.

«Қылмескер Қайрат»

2022 жылдың 13 наурызында,  Қайрат Сатыбалды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен қамауға алынды. Назарбаевтың туысы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды. Оған «Қазақтелеком» ұлттық компаниясына тиесілі ірі көлемдегі қаражатты заңсыз иемденді деген айып та тағылған. Компания кеңселерінде бірқатар тінтулер жүргізілді.

Фото: kaztag.kz

Саясаткер әрі кәсіпкер Қазақстанда ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.Қазір ол іс бойынша қосымша тергеуді күтуде. Бұл ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері айыпталушының басқа да қылмыстарға қатыстылығының дәлелі болатынын жоққа шығармады.

Айта кетейік, кәсіпкер Skyline Investment Company S.A офшорлық компаниясының жалғыз құрылтайшысы болған соң БАҚ-тың назарына ілікті. Фирма телекоммуникациялық компанияның төрттен бір бөлігіне ие болып шықты.

Бұған дейін қаңтар айында ресейлік «МК» және «Новые известия» басылымдары Сатыбалданың ықтимал серіктесі деп атаған «Жабайы Арман» лақап атымен танылған жергілікті криминалдық авторитет Арман Жұмагелдиев темір тордың ар жағында отырған еді. Кейін Қайраттың інісі Самат Әбіш ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылғанымен, оның ұсталғаны туралы ақпарат жоққа шығарылды.

17 наурызда Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды мен басқа да тұлғалардың бизнесті басып алу дерегі бойынша ұсталғаны белгілі болды.

Сондай-ақ, жақында Қайрат Сатыбалдының заңсыз салынған люкс вилласы табылды. Ол «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (МҰТП) қорғалатын аймағы маңындағы тауларда орналасқан. Бұл туралы белгілі заңгер, жер құқығы саласындағы сарапшы Бақытжан Базарбаев айтқан еді.

 

Фото: kaztag.kz

Заңгер Бақытжан Базарбек өзінің Facebook парақшасына жариялап, түрлі дәлелдер келтіре кеткен.

«Іле-Алатау ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік ұлттық паркі мен оның буферлік аймағының шекарасындағы жер телімдерін иеліктен шығару фактілерін тексеруді жалғастырудамын. Бүгін біз Шамалған ауылындағы Ұзын-Қарғалы шатқалында орналасқан, кадастрлық нөмірі 03-047-150-053, ауданы 62458 шаршы метр, нысаналы мақсаты «жеке тұлғаларға арналған» қызықты жер учаскесі туралы айтамыз. Мәліметтерге қарағанда, бұл жер телімі  Қ.Сатыбалдыға тиесілі», - делінген жазбада.

Ол жер телімінде 100-ден 25 метрге дейін үлкен бақшасы мен әдемі жолдары бар вилла бар екенін түсіндірді. Сондай-ақ, екі тікұшақ алаңы, теннис корты, қонақ үй, күзет үйі, күзет тұрағы, қонақтарға арналған тұрақ және т.б. орындар кездеседі.

«Вилланың орналасқан жерінің заңдылығына қатысты көп сұрақ туындайды. Біріншіден, ауыл шаруашылығы жерлері мен Іле-Алатау ұлттық паркінің буферлік аймағының ортасына жеке тұрғын үй құрылысына арналған бір учаске қалай «отырғызылды»? Кадастрлық нөмірі: 03-047-150-053 және мақсаты «жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін» жер учаскесінде орналасқан вилла ешбір жағдайда елді-мекенмен шектеспейді. Жер кодексінің 44-бабының 5.3-тармағына сәйкес су және электр желілерімен қамтамасыз етілген учаскелерде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беруге жол беріледі. Орталықтандырылған су құбыры жоқ елді мекендерде мұндай жер телімдерін беруге тек электрмен жабдықтау желілері болған жағдайда ғана рұқсат етіледі», - деп атап өтті сарапшы.

Ол Жер кодексінің 44-бабының жоғарыда келтірілген редакциясынан мынадай қорытынды жасауға болады: жеке тұрғын үй құрылысы үшін, жер учаскесін беру үшін, тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғын үй құрылысын салуға мүмкіндік беретін жер учаскесі болуы тиіс.

Сондай-ақ, ұлттық парктің қорғалатын аймағы 10 шақырымнан астам, ал элиталық вилла орналасқан жерде күзет аймағы 2 шақырымға дейін тарылтылып, тұрғызылған вилла күзет аймағынан тыс жерде орналасқан.

Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған Қайрат Сатыбалдының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы болуы мүмкін. Қазір тексеріліп жатыр.

Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер