«Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Әгугай мен Игигай» қойылымы!

3675
Adyrna.kz Telegram

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. «Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді, мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ тәрбиелейді» дейді халық даналығы. Жас ұрпақтың танымын айқындау, бойларына ұлттық құндылықтарды сіңіру мақсатында «Алатау» дәстүрлі өнер театры біршама мектептермен өзара ынтымақтастық, мәдени байланыстар орнатты. Театр директоры – Ринат Рифхатұлы Заитов.

Биыл – Балалар жылы. «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Нұржан Тутовтың режиссерлігіндегі балалардың жақсылық пен жамандық, әділдік туралы көзқарастарын қалыптастыру, яғни қажетті адамдық сапаларды көрсетуді негізге алған «Әгугай мен Игигай» атты халық ертегілері мен дәстүрлі әндерден құралған балаларға арналған музыкалық қойылым жүріп жатыр.


Мектептерде ашық тәрбиелік сағаттардың өтетіні белгілі. «Егінші мен қасқыр», «Алдардың айласы», «Күй құдіреті» атты тақырыптарда өрбитін таптаурындықтан ада өзгеше өзіндік формаға ие «Әгугай мен Игигай» қойылымы мектептен тыс оқушылармен жұмыс үшін ұтымды әрі таптырмас тәрбие құралы.

Қойылым баяндаудан ғана тұрмайды. Ән, би, музыка қызықтыра түседі. Сондай-ақ пластика, мизансцена, декорация, жарық және т.б. өз деңгейінде. Оқушыларды ертегі әлеміне ендіретін аудиториямен байланыс та ойластырылған.

Ертегі арқылы баланы жан-жақты тәрбиелеудің маңызы зор екенін әсте ұмытпайық!

Қуаныш Жұмабекұлы
«Алатау» дәстүрлі өнер театры
Әдебиет бөлімінің меңгерушісі

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер