Түркістан облысында жоғалып кеткен қызға халықаралық іздеу жарияланды

3503
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысында жоғалып кеткен қызға халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы облыстық полицияның баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ведомствоның хабарлауынша, жоғалған қыздың анасы Түркістан облысы Сауран ауданының полиция бөліміне жүгінген. Арызында ол: қызы ауруханаға бара жатқанын айтып, үйден шығып, хабарсыз кеткенін жазған.

Жоғалған жас келіншекті жедел іздестіру мақсатында Түркістан облысы ІІД ТЖД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов бірқатар тапсырмалар беріп, бұл фактіні жеке бақылауына алды.
Қазіргі уақытта ТЖД бастығының орынбасары полиция подполковнигі Құрманбек Саховтың жетекшілігімен бір топ тәжірибелі полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізуде. Сондай-ақ, ІІБ қалалық және аудандық бөлімшелерінің қызметкерлері іздестіру жұмыстарына жұмылдырылған.

"Бүгінгі таңда жан-жақты іздестіру шаралары жалғасуда. Жоғалған адамды табу үшін барлық облыстар мен қалаларға жас келіншектің белгілері мен фотосуреті бар бағдарлар жіберілді.
Түркістан полициясы қыздың баруы мүмкін барлық бағыттары мен жерлерін мұқият тексеріп, жедел-іздестіру шараларын күшейтті", - деді ПД.

Сондай-ақ, алынған ақпарат бойынша полицейлер Тараз қаласының Жаңа-Қорған ауданына, Шымкент және Алматы қалаларына барды, іздеу жұмыстары жүргізілуде.

«Қазір халықаралық іздеу жарияланды. Іздеу жұмыстарына еріктілер де жұмылдырылды.Жалпы полиция табу жұмыстарын күшейтті.

Жоғалған Назим Алдашты аман-есен тауып, отбасына қайтару үшін оның қайда екенін көрген немесе оның жүрген жері туралы мәліметі бар барлық куәгерлердің дереу полицияға хабарласуын сұраймыз», - делінген полиция хабарламасында.

Жоғалған әйелдің үстінде ашық қызғылт түсті күрте, ақ спорттық шалбар, аяғында қара туфли болған. Айырықша белгілері: бойы 165-168 сантиметр, дене бітімі орташа, мойнында меңі бар.

Іздеудегі әйелге қатысты қандай да бір мәлімет болса, Сауран АІІБ-нің кезекші бөліміне: 8 725 33 5 86 50, 8 747 008 74 80 телефондары арқылы хабарлауыңызды немесе 102 телефоны арқылы полицияға хабарлауыңызды сұраймыз.

Бұған дейін БАҚ 17 жастағы Назым Алдаштың Түркістан облысында із-түзсіз жоғалып кеткенін жазған болатын. Бір айдан астам уақыт бұрын жүкті қыз үйден шығып, оралмаған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер