“Бұл ең сұмдық нәрсе, трагедия”: Саясат Нұрбек Қазақстанның білім жүйесі туралы

4533
Фото: kaztag.kz
Фото: kaztag.kz

Қазақстан пандемия салдарынан 3 жыл бұрын онлайн білім беру жүйесіне көшкен болатын. Ондағы оқушы мен студенттің білім деңгейі қай-қайсысын болмасын алаңдатпай қоймады.  Бұл жөнінде жақында Мәжіліс депутаты атанған Саясат Нұрбек “Желмая” аталатын YouTube бағдарламаға берген сұхбатында айтып берген еді.

“Экранның ар-жағынан балалар оқыды ма, ата-аналары жанында отырды ма, әлде ата-ана үй тапсырмасын орындады ма, белгісіз? Бұл ата-ананың деңгейі ме, балалардың деңгейі ме түсініксіз”, - деді саясаттанушы.

Сондай-ақ, Қазақстан білім беру жүйесі пайыздық деңгейге тәуелді екенін айта кетіп, өзге елдерден артта қалғанымызға дәлел келтіре өтті.

“Қазақстанда орта білімде сапаның пайызы деген жаман нәрсе қалыптасты. Яғни, ұстаз 60 пайыздан астам жақсы бағамен оқытуы керек. Бірақ бұл 3-ке оқитын баланы 4 қылып шығарады, 4-ке оқитын баланы 5-қылып шығарады, 2-ке оқитын баланы 3-қылып шығарады. Сондықтан сапа түсіп қалады”,- деді ол.

Білім жүйесінің тағы бір алаңдатар мәселесі - “Болашақ” бағдарламасымен оқып келген жастардың елімізде жұмыссыз жүруі. Саясат Нұрбектің айтуынша, олардың білім деңгейімен Қазақстанда жұмыс табу қиын. Өйткені, жұмыс берушінің талабы бағдарламамен оқып келген жастардың білімінен төмен.

“Біз ең соңғы ақшамызды шығарып, мықты бағдарламаларды шығарып, шетелдік білім жүйелерінен жартылай фабрикат дайындаймыз. Бұл ең сұмдық нәрсе, трагедия”,- деп қосты.

Қазір білім беру жүйесі офлайн режимге алмасты. 3 жыл бұрыңғы онлайн режимнің зардабын енді көріп жатырмыз. 

 

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket