“Ресейдегі барлық достарыма елден кетуді ұсынамын”- Марғұлан Сейсембай

8781
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Соғысқа қатысты ұстанымым туралы тағы бір ауыз сөз.

  Достар, мен Ресейдің Украинамен соғысындағы жағдай күн сайын нашарлап бара жатқанын байқаймын. Мыңдаған жазықсыз азамат мерт болып, миллиондаған жазықсыз адам соғыс зардабын тартып жатыр. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап мен Украинаны қолдадым, өйткені, ақиқат Украина жағында, Ресей оған опасыздықпен шабуыл жасады деп есептеймін. Біз, бір топ белсенділер және қоғам қайраткерлерімен бірлесіп, соғыстың алғашқы күндерінде үндеу жариялап, қаражат жинауды және Украинаға гуманитарлық көмек жіберуді ұйымдастырдық. Жалпы алғанда, біз Украинаға гуманитарлық көмек тиелген 6 ұшақ жібердік. Мен қай жерде сөз сөйлесем де, Украина халқына қолдауымды білдірдім де, білдіремін де. Оның үстіне, Қазақстан Украинадай бауырлас халқына қарсы шығып отырған Ресей агрессиясын ешбір жағдайда қолдамауы тиіс деген ұстанымдамын. Бүгін Украина өзі үшін ғана емес, бәріміз үшін күресіп жатыр, сіз бен біздің бостандығымыз үшін, бүкіл әлемдегі қауіпсіздік үшін күресіп жатыр.

  Бұл ретте, мен бүкіл орыс халқына қарсы емес екенімді түсіндіріп өткім келеді. Ресейде менің достарым, оқырмандарым көп. Мен Ресей билігінің әрекеттері мен шешімдеріне қарсымын. Мен Путин мен ел билігіндегілердің әрекеттерін қолдап отырған Ресей халқының жауапкершілігін де еш кеміте алмаймын. Бірақ Ресейде миы ресми насихатпен әлі уланбаған саналы адамдар да баршылық. Олар жағдайды түсіну, ақыл-ойға салу және сыни ойлау қабілеттерін әлі жоғалтқан жоқ.

  Мүмкіндігі бар азаматтар елден кетіп қалды, әлі де кетіп жатыр. Жеке басым Ресейдегі барлық достарыма елден кетуді ұсынамын. Бірақ мұның бәрі көңіліме қатты тиеді. Мен наразылық білдірген нағыз орыс патриоттарын қолдаймын, олар түрмеге де түсіп жатыр, билік олардың үнін шығармау үшін барын салуда, олар биліктің нағыз тұтқынына айналып отыр. Ресей бұл тек Путин ғана емес. Бұл тек ел билігін жақтаушы патриот-сымақтар емес. Ресей деген - бұл режиссер Сокуров, Акунин, Чичваркин, Гребенщиков, Шевчук, Меладзе, Дудь, Навальный, Овсянникова және басқа да қаншама қадірлі, адал және ұлы адамдар, олардың арасында менің достарым мен оқырмандарым көп. Бес саусақ бірдей емес, сондықтан, биліктегі бір топ адам үшін барлық орыстарды жаудай көруге болмайды.

Бұл соғыс мүмкіндігінше тез аяқталады деп және ол ақыры немен бітері белгілі мына бассыздық тұңғиығына елімізді тартып әкетпейді деп үміттенемін.

Марғұлан Сейсембай

Facebook парақшасынан

Пікірлер