"Алматы қала жарық" мемлекет меншігіне қайтарылады

2293
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласы әкімдігі мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Алматы қала жарық» ШЖҚ МКҚК-ны коммуналдық меншікке қайтару бойынша бірлескен жұмыс жүргізді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы қалалық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Кәсіпорын қаланың сыртқы жарықтандыру жүйесін автоматтандырылған және орталықтандырылған бақылауға жауапты.

“2021 жылдың желтоқсан айының соңында Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен тендер арқылы «Алматы қала жарық» ШЖҚ МКК жүзеге асырылды. «ABM Group.com» ЖШС жеңімпаз деп танылды. Мәміле 4,6 млрд теңгені құрады, болжамды құны 14,8 млрд теңге. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті 2020-2021 жылдарға арналған қаланың сыртқы жарықтандыру жүйелерін автоматтандырылған және орталықтандырылған басқаруды ұсыну бойынша қызметтерді көрсету нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізді. Бұл ұйымның монополиялық жағдайға ие екендігі анықталды”, - деп мәлімдеді Алматы қаласы әкімдігі

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының нормаларында үстем немесе монополиялық жағдайды иеленетін нарық субъектілері болып табылатын ұйымдарды жекешелендіру туралы шешім қабылдау ел Үкіметінің құзыретіне жатады деп көрсетілген.

«Алматы қала жарық» ШЖҚ МКҚК-ны жекешелендіру туралы қаулысы мемлекеттік мүлік туралы заңнаманың нормаларына қайшы келеді және бәсекелестікті шектейді. «Алматы қала жарығын» жекешелендіру стратегиялық мемлекеттік кәсіпорынды жоғалтуға әкелуі мүмкін. Осыған орай, Алматы қаласы әкімдігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің хабарламасы негізінде «Алматы қала жарығын» жекешелендіру туралы шешімнің күшін жою жөнінде шаралар қабылдауда”, - деді әкімдік.

Осыған байланысты Алматы әкімдігі Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің хабарламасы негізінде "Алматы қала жарық" ШЖҚ МКК жекешелендіру туралы шешімнің күшін жою шараларын қабылдап жатыр.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер