Құбыр құлап, бір адам жоғалған Петропавлдағы ЖЭО директоры ұсталды

3283
Adyrna.kz Telegram

«ЖЭО-2» ЖШС директоры мен кәсіпорынның бас инженері ұсталып, Петропавл қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

ЖЭО-2-де болған оқиғадан кейін құқық қорғау органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 254-бабы - «Міндетке сенімсіздікпен қарау» бойынша қылмыстық істі тергеуге кірісті.

"Тергеу барысы облыс прокуроры мен Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінің бастығының бақылауына алынды. Сонымен бірге, облыс прокуратурасы бақылаушы органдардың қызметіне талдау жасауда. Оның қорытындысы бойынша жауапты қызметкерлердің әрекеті бағаланады», - деп толықтырды Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Еске салайық, 20 наурызда Петропавлдағы 2-ЖЭО-да үш құбырдың бірі опырылып түскен болатын. Құлаған сәті видеоға түсіп қалған. Оқиғадан кейін бір қызметкер жоғалып кеткен. 38 жастағы әйелді іздестіру жұмыстары құлау қаупіне байланысты техникасыз жүргізілді. Түнде жұмыс тоқтатылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер