"Жаңа Қазақстан құрамыз!" - Тоқаев қазақстандықтарға үндеу тастады

5025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының "Астана" алаңында өтіп жатқан мерекелік іс-шараға қатысып, барша қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады, деп жазады  "Адырна" ұлттық порталы.

"Күн мен түн теңеліп, күллі табиғат қайта жаңаратын әз Наурызды қарсы алуға бабаларымыз ерекше мән берген. Жыл басын Ұлыстың ұлы күні деп ардақтаған. Әз Наурыз - береке-бірліктің, шынайы жанашырлықтың және өзара қамқорлықтың мейрамы, - деп атап өтті Президент.

Тоқаев "Қаңтар қасіреті" кезінде алматылықтардың қайсарлық таныта білгенін айтып,  алдағы уақытта жаңа Қазақстанның құрылысы басталатынын мәлімдеді.

Мен бүгін Ұлыс күнін өздеріңізбен бірге қарсы алу үшін Алматыға арнайы келіп отырмын. Алматы - Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі. Халқымызға қайта оралған Ұлыс тойын мерекелеу осы қастерлі мекеннен басталды. Алматы - қазақ елінің рухани, мәдени және іскерлік орталығы. Қаңтардағы террористер мен қаскөйлердің негізгі соққысы Алматыға тиіп, жазықсыз адамдар қаза тапты. Қала инфрақұрылымына үлкен залал келді. Дегенмен, алматылықтар, қайсарлық таныта білді. Мен сіздерге ризамын, мемлекеттілігіміздің бұрын-соңды болмаған қауіп-қатері алдында дүрлікпедіңіздер Алдымызда ауқымды реформалар күтіп тұр. Жаңа Қазақстанның құрылысы басталады. Біз жаңа елді, жаңа Қазақстанды міндетті түрде құрамыз және біздің қолымыздан бәрі келеді", - деді Тоқаев.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket