ЕРКЕҒАЛИ БЕЙСЕНОВ: 30 жылда сол облыс орталықтары мемлекеттік тілде мүдірместен сайрап кетті ме?

801

"Кешегі үш өңірмен қатар Торғай облысының қайта құрылмай қалғанын кейбіреулер ондағы халық санының аздығымен байланыстырғысы келіпті. Не деген білгіш десеңші! Оу, 1970 жылы құрылып, 1988 жылы жабылып қалғандағы әрісін айтпағанда, қайта құрылған 1990 жылы Торғай облысының құрамына 1 облыстық бағыныстағы қала (Арқалық) және 9 аудан кірген! Ал қазір оның іргесінде қайта құрылып жатқан Ұлытау облысына Жезқазған облысы кезінде 4 облыстық бағыныстағы қала және 7 аудан кірді. Аса айырмашылық жоқ.

Жіктеп айтқанда, Арқалық қаласы, Амангелді, Арқалық, Державин, Жангелдин, Есіл, Жақсы, Жаңадала (Тасты-Талды), Қима, Октябрь аудандары бойынша облыс құрамында 295 мыңнан астам халық болған.

Мүмкін әлгі білгіштер Торғай дегенді қазіргі Арқалық қаласы немесе Жангелдин ауданы деп ойлайтын шығар. Білмесе айтайық, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Ақмола, қазіргі Ұлытау облыстарымен шектесіп жатқан Торғай деген алып даланың жалпы ауданы – 111,9 мың шаршы шақырым! Аз ба?

Иә, 1997 жылы ол жерлер Қостанай, Ақмола облыстарына бөлініп берілгенін білеміз. Содан кейін ғой, «Торғайдың халық саны аз» деп отырғандарың! Ал егер облысты қайта ашатын болса, сол аумағын қоса қайтарып, өңірдің тамырына қан жүгіртуге болмай ма? Кезіндегі өндіріс ошақтарын қайта жаңғыртып, жаңасын ашып, жұртты жұмыспен қамтыса, 90-жылдардағы тоқырау салдарынан жан-жаққа үдере көшкен халық туған жеріне туын тікпес пе еді?

Астанада тас лақтырсаң, торғайлықтардың басына тиеді. Облысы жабылған соң тұрмысы оңалмай қалған олардың дені саяжай, «времянка», жатақхана жалдап, көбіне құрылыс саласында жүр. Бұл жердің қазақылануы да әрі-беріден соң алдымен сол торғайлықтардың арқасы!

«Қостанайды қазақыландыру үшін Торғай, Өскеменді қазақыландыру үшін Семей, Қарағандыны қазақыландыру үшін Жезқазған облысын жапты» дейді. Ал осы 30 жылда сол облыс орталықтары мемлекеттік тілде мүдірместен сайрап кетті ме? Керісінше, жабылған 3 облыстың қазағы көптеп шоғырланған халқы негізінен астана мен Алматыда, сосын батыс өңірлеріндегі вахтада жүр. Қостанай, Өскемен, Қарағандыда емес! Ол үш қала сол байырғы орыстілді орта қалыптастырған қалпында әлі.

Осы орайда «Торғайды бөліп алып, Қостанайды шеттету – қауіпті» деген пікірге келсек, Қазақстан-Ресей арасындағы 7,5 мың шақырымнан астам шекараның шетінде өзінше бір-бір облыс болып СҚО, Павлодар, кейінгі Абай облысы да тұр. Демек ондай фобияға елтіп, өз көлеңкемізден өзіміз қорқа берудің қажеті жоқ.

«Торғайда өз бетінше күнкөретіндей не бар?» дерсіз... Табиғи түсті металдарын, алтын қорын айтпағанда, алтын астығының нанын жеп отырсыз ғой! Қазақ ұғымында нанның киесі бар..."

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket