Алматы маңында атыс: 17 күдікті ұсталды, қару-жарақ арсеналы тәркіленді

3413
Adyrna.kz Telegram

Полицейлер наурыз айының басында Алматы маңында болған жаппай төбелестің 17 қатысушысын ұстады. Күдіктілерден 12 атыс қаруы мен 8 автокөлік тәркіленді деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған "Адырна" тілшісі.

Оқиға 7 наурыз күні Қарасай ауданындағы Шамалған ауылы маңында тіркеліп, 30-ға жуық жас жігіттің өзара қарым қатынасты шешу үшін жұдырық пен қару қолданған. Оқиға орнынан 30 жастағы ер адам оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Ал полицейлер атап өткендей, тәртіп сақшыларының араласуынан кейін атыс салдары барынша азайтылды. Белгілі болғандай, жанжалдасушы тараптар полицияға бірнеше рет оқ атып, оқиға орнынан кетіп қалған.

Оқиға орнында криминологтар винтовка, тегіс ұңғылы және травматикалық қарулардың көптеген гильзаларын және қараусыз қалған үш көлікті тапты.

"Бүгінгі таңда 17 адам ұсталды, 16-сы қамауға алынды, біреуі үйқамаққа алынды. Сондай-ақ тағы үш қатысушы анықталып, мемлекетаралық іздеуге жарияланды. Қатысушылардан әртүрлі калибрдегі 12 атыс қаруы тәркіленді. Сондай-ақ сегіз көлік тәркіленіп, қажетті сараптамадан өткізіліп, арнайы тұраққа орналастырылды», - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдіктілерге бірнеше баптар бойынша айып тағылып отыр – «атыс қаруын қолданып бұзақылық жасау», «құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғу», «кісі өлтіруге оқталу». Тәртіп сақшылары қалған қатысушыларды анықтау және іздеу жұмыстарын жалғастыруда.

Пікірлер