Алматыда бизнесмен, «Қайрат» футбол клубы бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ дереккөзіне сілтеме жасап.
«Боранбаевты Алматыда Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚҚА) қызметкерлері ұстады. Онымен Алматы филиалы емес, АҚМ Астанадағы бас кеңсесіндегі адамдар «жұмыс істеуде». Қазір Боранбаев тергеу изоляторында. Жақын күндері Алматыда тергеу бойынша іс-шаралар өтеді», — деп жазды агенттік.
Айта кетейік, Қайрат Боранбаев – Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға
Сондай-ақ, Forbes журналы өткен жылы Қазақстанның ең бай адамдарының рейтингісінде Боранбаевтың байлығын 590 миллион долларға бағалаған.
Олигархтың ұсталғаны туралы әзірше тек БАҚ ақпарат таратты, ал ресми органдар үнсіз.
“Адырна” ұлттық порталы