Арабтар құрылысшыларға жалақысын бермей жүр

2466
Adyrna.kz Telegram

Астанада "Абу-Даби плаза" кешені құрылысында жұмыс істейтін ондаған жұмысшы жиналып, "Нұр Отан" партиясына барды.

Мердігер World Monitor компаниясында жұмыс істейтін жұмысшылар партияның Астанадағы филиалы төрағасының орынбасары Бақыт Сапаровпен кездесіп, екі айлық жалақысын алмағанына шағымданды. Жұмысшылар сонымен қатар құрылыс басында жұмыс жағдайының нашарлығына да шағым айтты.

Азаттық компанияның өзіне хабарласқанымен, сөйлесе алмады. Жұмысшылар компания басшылығымен өздері де кездесе алмайтынын, себебі "олар мекенжайын жиі ауыстыратынын" айтады.

Бақыт Сапаров жұмысшылардан шағымын жазбаша күйде қабылдап алып, бұл мәселеге байланысты компания басшыларымен жиын өткізетінін және оған тиісті органдар өкілдерін шақыратынын айтты.

_______________________________________________________________________________________________________

azattyq.org

Пікірлер