«Оған қанша адам өлетіні маңызды емес»: Макфол Путин Украинаға қарсы соғыста жеңіліске ұшырағанын айтты

3872

"Агрессор" елдің басшысы Украина басшысымен бетпе-бет кездесуге жанама келісім бергенімен, Украинаға қарсы басталған соғысты тоқтатқысы келмейді. Соғыстың екі жақтан да қанша шығын әкелетіні Путинді қызықтырмайды. Бұл пікірді Стэнфорд университетінің профессоры Майкл Макфол «Украина 24» арнасына берген сұхбатында білдірді.

Айта кету керек, ол көп жылдар бойы посткеңестік кеңістікті зерттеген, 2014 жылға дейін Ресей Федерациясындағы Америка елшісі және АҚШ-тың 44-ші президенті Барак Обаманың ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша көмекшісі болған.

Профессор әлі соғыс қимылдарын тоқтату үшін алғышарттар жоқ екенін атап өтті.

"Путин әлі де жеңіске жететініне сенеді. Әрине, ол күткеннен де баяу, дегенмен шабуыл жалғасуда", - деді Майкл Макфол.

Оның айтуынша, Ресей Федерациясының басшысына қанша украиналық немесе оның сарбаздары өлетіні маңызды емес. Мұны Украинада тұратын орыстар жақсы түсінеді. Сонымен бірге «Украина қалаларын фашистерден азат етіңдер» деген бос сөзге сенетін Ресей Федерациясының азаматтары да аз емес. Макфол бұл насихатпен күресуге шақырды.

"Соғыс екі жолмен аяқталады: не біреу жеңеді, не майдандағы жағдай бәсеңдеп, ешкім алға жылжи алмайды. Менің ойымша, Путин жеңген жоқ және жеңе де алмайды. Бірақ әскери жағдайды тұрақтандыру әлі де жоқ",-деп толықтырды АҚШ-тың Ресей Федерациясындағы бұрынғы елшісі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket