Қазақстанда көлік қымбаттауда

2899
Adyrna.kz Telegram

Теңгенің құнсыздануы автосалондағы машиналарды да айналып өтпеді. Қазір сатушылар өнім бағасын жаппай ауыстырып жатыр. Бірнеше модельдің құны 100 мың теңгеге артса, кейбірі тіпті бірнеше миллионға көтерілген. Бұл туралы "Колеса" интернет-басылымы хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Toyota Camry-дің 2 литрлік мотор мен вариатор орнатылған қарапайым нұсқасын 14.9 млн (+10.9 %) теңгеге аласыз. Ал бұрын 22.9 млн теңгеден саудаланған 3.5 литрлік V6-мен жүретін «Люкс» қазір 25.5 млн тұрады.

RAV4 үшін ақпанда сатушылар 15.2-ден 21.2 млн теңгеге дейін сұрайтын, қазір оның құны 16.9 бен 23.5 млн аралығында. Land Cruiser 300 39.7 млн теңгеден 42.5 млн теңгеге қымбаттады. «Премиум» жиынтығындағы флагманды алам десеңіз, 55.7-59.6 млн жұмсауға дайын болғаныңыз жөн.

Новые автомобили начали дорожать в Казахстане

Toyota Land Cruiser 300 шамамен 4 млн теңгеге қымбаттады

Ал Hyundai керісінше, ескі бағаны сақтап қалды. Алматыдағы зауытта құрастырылатын Accent қана 400 мың теңгеге қымбаттаған. Бұрын 6.7-7.8 млн шамасында сатылған модельді енді 7.1-8.2 млн теңгеге алуға болады.

Новые автомобили начали дорожать в Казахстане

Hyundai Accent бағасына 400 мың теңге қосылды

Chevrolet маркасының дистрибьюторы ақпанда баға тізімін жасырып қойған еді, қазір сайтқа қайта шығарыпты. Одан «Спарктың» 5.0 млн теңгеден 5.7 млн теңгеге қымбаттағаны байқалады. Біздің елде сұраныс жоғары Cobalt пен Nexia бағасына да жиынтық түріне байланысты 700-800 мың теңге қосылған.

Malibu, Equinox, Trailblazer және Tahoe құнында өзгеріс жоқ.

Новые автомобили начали дорожать в Казахстане

2021 жылы ең көп сатылған автокөліктің бағасы қазір 6.5 млн теңгеден басталады

Kia да модельдерінің құнын 100 мыңнан 600 мыңға дейін арттырған. Нәтижесінде биыл шыққан Rio 7.8-9.6 млн теңгеге бағаланып отыр. Қыста бұл көлік 7.4-9 млн теңгеге сатылды.

Sorento-ның ең арзан нұсқасы 16.6 млн теңге тұрады. Қыста оны 15.9 млн теңгеге алуға болатын еді.

Lada Vesta ақпанда 5.8 млн теңгеден сатылған, енді оны алатындар 6.0 млн жұмсайды. Renault бағасында әзірше өзгеріс байқалмайды.

Новые автомобили начали дорожать в Казахстане

Қазақстанда құрастырылған 1.6 литрлік моторы мен механикалық қорабы бар қарапайым Renault Duster бұрынғыдай 7.4 млн теңгеден саудаланып жатыр

Қытайдан келетін Haval мен Chery, сонымен қатар жапониялық Subaru көліктерінің құны бұрынғы деңгейде тұр. Ал JAC сайттағы баға жазылған тізімді жасырып қойыпты, соған қарағанда марка өкілдері жуырда тауарын жаңа бағада ұсынатын сияқты.

Volkswagen маркалы бірнеше модельдің бағасы белгілі болды. Мұнда сөз Polo, Taos және Tiguan жайлы болып отыр. Үшеуі де Ресейде құрастырылады.

Polo-ның бағасы енді 9.1 млн теңгеден басталады, бұл ақпандағымен салыстырғанда 1.5 млн теңгеге жоғары. Taos кроссовері 2.8-3.2 млн теңгеге қымбаттап, ең арзаны 14.9 млн теңгеден саудаланып жатыр.

Бірақ бәрінен Tiguan-ның көп қымбаттағаны байқалады. Оған үстелген сома 3.4-4.1 млн шамасында. Яғни, жақсы жабдықталған «Тигуанды» 24 млн теңге алуға болады, ал қарапайым көлік үшін кемі 18 млн санап беруге тура келеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер