Олжас Сүлейменов Нобель сыйлығына ұсынылды

1025

Қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов Нобель сыйлығына ұсынылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

 «1989 жылы 8 ақпанда КСРО-да алғашқы қоғамдық бірлестік – «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы (ХҚҚ) құрылды. Аталған қозғалыс Қазақстан халқының атынан ядролық сынақтарды тоқтатуды және ядролық қаруды жоюды және қазақ жеріндегі Семей ядролық полигонының жабылуын талап етті. Қозғалыстың бастамашысы әрі жетекшісі – халық ақыны Олжас Омарұлы Сүлейменов. «Невада-Семей» МАД-ның ядролық қарусыздануға қарсы бастамалары бүкіл әлемге кеңінен танымал!» – делінген «Байтақ» халықтық-экологиялық партиясының Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған үндеуінде.

«Қазір әлем үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі мен ықтимал ядролық текетірестің алдында тұрғанда, әлемдік қауымдастыққа Қазақстанның бейбітшілік бастамаларын еске салатын уақыт келді».

«Байтақ» халықтық экологиялық партиясы сізге Олжас Омарұлы Сүлейменовті Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсыну туралы бастамамен үндеу тастайды! Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, біздің бастамамызға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуіңізді және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Норвегиялық Нобель комитетіне жүгіну туралы тиісті бұйрықтар беруіңізді сұраймыз», - делінген үндеуде.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket