Швейцария банктерінен Қазақстандық шенеуніктерге тиесілі ақша табылды

2809
Adyrna.kz Telegram

1990-жылдары Швейцариялық банктерден Өазақстанның жоғары лауазымды шенеуніктеріне тиесілі деп болжанған ақша табылды, деп хабарлайды " Адырна" ұлттық порталы. 

Қазақстан билігі интерполдан Қазақстаннның бұрынғы премьер-министрі Әкежан Қажыгелдиннің шоттарын Швейцариядан іздеуді тапсырған болатын. Алайда, Қажыгелдиннің ақшасы ол жерден табылмады. Бірақ олар Қазақстанның бірқатар жоғары басшыларына тиесілі 84 млн долларды тапты.

Пайыздарға байланысты уақыт өте келе 84 млн доллар 115 млн долларға айналды. Бұл шоттарға Қазақстанның кен орындарына қол жеткізуге мүдделі американдық мұнай компанияларынан ақша түсіп отырған деп болжанды.

Банк операцияларымен Америкалық сауда банкирі және сол кездегі Назарбаевтың кеңесшісі Джеймс Гиффен айналысты. Ақша оның Нью-Йорктегі Mercator компаниясы арқылы өтті. Бірақ ол 2003 жылы қамауға алынды. Оны Қазақстанның жоғары лауазымды тұлғаларына пара берді деп айыптады.

The New York Times сайтында 2006 жылдың 5 қарашасында осы тақырыпқа қатысты жарияланған болатын. Онда:

"Қазақстандағы мұнайдың үлкен қорына қол жеткізуге ұмтылған американдық компаниялар берген ақша қазақстандық басшылықтың жеке қажеттіліктеріне, соның ішінде қымбат әшекейлер, катерлер, қарда жүргіштер мен тондар сатып алуға жұмсалды" деп жазылды.

Биліктегілер Қазақгейтке қатысты барлық айыптауларды толығымен жоққ шығарды.

2010 жылы Джеймс Гиффен толықтай ақталды. Ол кішігірім салық бұзушылықтары үшін кінәсін мойындады. Оның қорғанысы ЦРУ-ның қолдауымен әрекет етті деп мәлімдеді.

Оның компанясы да кінәні ішінара мойындады. Меркатор компаниясы тіпті биліктегі біраз шенеуніктерге қарда жүргіш техникалар сыйға тартып отырған.

Гиффен төлеуге тиісті барлық сот парақтарына міндетті жарна үшін 25 доллар. Оның компаниясы төлеуі қажетті сома 32 мың долларды құрады.

Бұл іс бойынша сот ісі 7 жылға созылды. Сот миллиондаған доллар пара алғанын растай алмады, бірақ ақша елге қайтарылды. Олар қайырымдылыққа жұмсалды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер