"Бізге Нобельді бермейді" деп өкпелей берсек, үніміз ешкімге жетпейді

2950
Adyrna.kz Telegram

Осы екі жазушымызды Нобель әдебиет сыйлығына ұсынуымыз керек.

Қалай ұсынамыз?

1. Төлен Әбдіктің "Тозақ оттары жымыңдайды" атты шығармасы әлемдік деңгейдегі туынды. Аталған шығарманың тақырыбы да, ойы да қазіргі қоғам үшін өте өзекті. Егер осы повесті ағылшын тіліне немесе швед тіліне аударып,баспадан шығаратын беделді шетелдік баспа табуымыз керек.

"Бізге Нобельді бермейді" деп өкпелей берсек,үніміз ешкімге жетпейді. Оның үстіне, ешкім бізге қазақ тілінде жазылған шығарма үшін Нобель сыйлығын бере салмайды.

2. Жазушы Тынымбай Нұрмағамбетовтың "Айқайы" бастаған қай-қайсы шығармасы да әлемдік сыйлыққа ұялмай ұсынуға жарайтын дүниелер.

Қазір бізге жетіспейтіні - өзіміздің рухани қазынамызды бағалай білу. Бұл шығарма да үлкен тілдерге тезірек аударылса үміт ұшқыны жанар еді.

Егер осы екі қаламгердің біреуі болмаса біреуі Нобельді алса, әлем оқырманы да бізге алғыс айтатыны сөзсіз. Қазір жазушылармен сөйлесе қалсаң,

"Қазақ әдебиеті бәрінен биік" деп шалқақтайды. СІЗДЕРДІКІ НЕ ШАЛҚАҚ?

Өзімізге өзіміздің тонымыз жылы сезілетіні сияқты әңгіме бұл. Ешкім мойындамаса, тіпті білмесе, ол әдебиет несімен биік?

Ендеше, өз деңгейі бар әдебиетімізді Алтай мен Атыраудың арасында ғана тұралатпай, әлемдік аренаға шығуына көмектесейік. Ол үшін алдымен сапалы аударма қажет. Бұған сіз не дейсіз?

Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН

Пікірлер