Ресейдің үздік университеті Академиялық адалдық лигасына мүше болуды жоспарлауда

710

290 жылдық тарихы бар, ресейлік жетекші жоғары оқу орындарының бірі Санкт-Петербург Мемлекеттік Университеті қазақстандық М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU Университетімен іскерлік байналыс орнатып, Академиялық адалдық лигасына мүше болу мақсатымен келді.

Кездесу аясында университеттің Сапаны қамтамасыз ету кеңсесі Apache Superset (деректерді зерттеу және визуалдауға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету) негізінде құрылған KAZGUU Data Analytics ақпараттық жүйесімен танысты.

- Бүгін бізге ақпарат берудің жаңа тәсілі мен деңгейі ұсынылды.

Сонымен қатар, бұл ақпарат Университеттің күнделікті қызметінде өте маңызды, әрине, мұндай оңтайландырылған мәліметтермен жұмыс істеу оңайырақ, - атап өтті Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің электрондық білім беру ресурстарын дамыту орталығының директоры Владимир Старостенко.

Кездесу нәтижесінде Федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесі «Санкт-Петербург мемлекеттік университеті» мен «Академиялық адалдық лигасы» арасында құжатқа қол қойылды.

Аталған құжат өзара тиімді, ұзақ мерзімді әріптестікті нығайтуға бағытталған.

«Академиялық адалдық Лигасы» жалпы жиналысының төрағасы Сергей Пеннің айтуынша, Лига қазақстандық университеттермен ғана шектелмей, көршілес елдердің үздік оқу орындарымен мүшелерінің қатарын көбейтуде. Мысалы, ресейлік әріптестерімен қатар өзбекстандық жоғары оқу орындары да Лиганың қызметіне жоғары баға беріп, мүшелік етуге ниетті екенін білдірген.

Ескерту: Қазақстанның 11 үздік жоғары оқу орны Лиганың мүшелері болып табылады. Олар қазіргі таңда Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен «Атамекен» ҰКП дайындаған ЖОО рейтингісінде алғашқы орындарды иеленеді. Атап айтсақ: Қазақ-Британ техникалық университеті, Алматы менеджмент университеті, Сүлеймен Демирел университеті, М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Қарағанды медициналық университеті, Халықаралық бизнес университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық универиситеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті.

Академиялық адалдық лигасының баспасөз қызметі

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket