Айдос Сарым депутаттықтан кете ме?

1018

Қазіргі күні әлеуметтік желі күнделікті өмірімізде не болып жатқанын анық көрсететін айна сыңайлы. Ел азаматтары қоғамда орын алған кез келген оқиғаға қатысты өз ойын, пікірін ашық білдіруге дағдыланды.

Мәселен, жақында ғана экс-президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаеваның депутаттық мандатын тапсыруы туралы мәселе көтерген белгілі саясаттанушы, мәжіліс депутаты Айдос Сарымның бастамасы да желідегі қолданушылардың назарынан тыс қалмапты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы “Жас Алаш” басылымына сілтеме жасап.  

– Өткен аптада нұротандық депутат Айдос Сарым ерекше көзге түсті, – деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында белгілі журналист Айдар Ермеков.  – Елімізде орын алған өзгерістерден кейін оның рухтанғаны соншалық, бұрын көзге елестетуге де мүмкін болмайтын, Дариға Назарбаеваға қарсы ойын ашық айтыпты, – дейді журналист. Сарым: – «Назарбаева депутаттық өкілеттігін өз еркімен тапсыруға тиіс, өйткені, оның тегі яғни, аты-жөні Қазақстанда қалыптасқан авторитарлық жүйемен байланыстырылады» депті.

Ендеше, айыпқа бұйырмаңыз, депутат мырза, сонда сіз, өзіңіз мүшесі болып табылатын және соның арқасында парламентке өткен «Нұр Отан» партиясын сол жүйемен байланыстырғыңыз келмей ме? Бұл партияның кімнің туындысы екені баршаға белгілі ғой. Ендеше, сізге де адал адам ретінде депутаттық мандаттан бас тарту керек шығар.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket