Азамат Сатыбалды Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры болды

3544

Азамат Сатыбалды Алматы қаласындағы Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Қуанышты хабарды ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы өз фейсбук парақшасында жария етті. 

- Құрметті достар, танымал кино және театр актері, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалдыны Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалуымен шын жүректен құттықтаймын!

Өнер адамының тағдыры ерекше!  Қалың көрермен қауым Азаматты театр және кино өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген дарыны ерекше өнер иесі ретінде таниды.

Стивен Кингтің «Табысты адам мен талантты адамның жалғыз айырмашылығы – ерінбей еңбек етуінде» деген керемет сөзі бар. Біліктілігі мен білімін, іскерлігі мен жігерін орайлы ұштастыра білген Азаматтың қазақ өнерінің болашақтағы бет-бейнесін қалыптастыратын нағыз кәсіби мамандар дайындау бағытында барлық қарым-қабілетін жұмсайтынына сенімім мол. Азамат Сатыбалдыұлын жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтай отырып, алдағы қызметіне сəттілік және табыс тілеймін!, -  деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Азамат Сатыбалдының Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының директоры қызметінен кеткенін хабарлаған болатынбыз. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket