Азамат Сатыбалдының орнына Ғабит Мүсірепов театрына жаңа басшы келді

2410
Adyrna.kz Telegram

Азамат Сатыбалды Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев өзінің фейсбук парақшасында мәлімдеді. 

Театр директоры болып Есеналиев Талғат Қамқабайұлы тағайындалды.

- Алматы қаласына жасаған іс-сапар барысында Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына бардым. Театрдың жұмысымен танысып, Есеналиев Талғат Қамқабайұлын аталған мәдени нысанның директоры қызметіне тағайындадым.  Бүгінге дейін осы театрдың ілгерілеп, дамуына айтарлықтай еңбек сіңіргені үшін Сұрапбаев Азамат Сатыбалдыұлына алғысымды білдіремін. Ал Талғат Қамқабайұлына алдағы жауапты қызметте сәттілік тілеймін, - деп жазды Дәурен Абаев.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер