Атырауда денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары ұсталды

6200
Adyrna.kz Telegram

Атырауда 10 ақпанда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрқуат Нудин ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап. 

"АЖ"-ға белгілі болғандай, 10 ақпанда Атырауда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрқуат НУДИН (суретте) ұсталды. Денсаулық сақтау басқармасы бұл фактіні растап, ұсталуының оның облыстық денсаулық сақтау басқармасындағы қазіргі жұмысына қатысы жоқтығын атап өтті, - делінген хабарламада.

30 жастағы Нұрқуат Нудин денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болып өткен жылдың сәуір айында тағайындалған болатын, ол басқарманың қаржы мәселелеріне жетекшілік еткен.

Экономикалық тергеу департаменті әзірге ешқандай мәлімет бере алмайтынын айтты. Алайда оның 2019 жылдың сәуірінен 2021 жылдың наурыз айына дейін облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарғаны және оған Қылмыстық кодекстің 189-бабы («Сеніп тапсырылған бөгде мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу») бойынша айып тағылғаны белгілі, - делінген хабарламада.

Басылымның мәліметінше, ол пайдалануға берілмеген әлеуметтік маңызы бар нысандар бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойған деп айыпталып отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер