Бүгін ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні

4140
Adyrna.kz Telegram

Бүгін ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жыл толды. 

Мұқағали Мақатаев — қазақ поэзиясында үлкен қолтаңба қалдырған лирик ақын. Ол 1931 жылы 9 ақпанда Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген.

Шын есімі Мұхаммедқали. Балаға өз атын айту қиындау болады деп қысқаша Мұқағали деп атап кеткен. Халық оны өз заманында лайық бағасын ала алмаса да, өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақын деп біледі.

Мұқағали Мақатаев 1948 - 49 жылдары ҚазМУ-дың филология факултетінде оқыған. 1948 жылы оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы болған. 1949 жылы көктемде жары Лашынмен отау құрады.

1949 жылы "Советтік шекара" газеті ақынның "Қырман басында", "Қойшы бала - Әкітай" өлеңдерін жариялады.

Мұқағали Мақатаев 1976 жылы небәрі 45 жасында дүниеден өтті. Бүгінге дейін оның жазған өлеңдері мен поэмаларын поэзия сүйер қауым жатқа оқиды.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер