Шымкентте тұтқын жұмбақ жағдайда қайтыс болды

3691
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте педофилдік қылмысы үшін сотталған ер адам түзеу мекемесінің қабырғасында қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" сайты.

Оқиға ИЧ-167/2 барынша қауіпсіздік мекемесінде болған. Марқұм сол жерде ауыр қылмыс – кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін жазасын өтеп жатқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, сотталушы құлағаннан кейін ауыр жарақат алған. Ол ауруханаға жатқызылып, шұғыл ота жасалған. Бірақ дәрігерлер тұтқынды аман алып қала алмады. Қазір прокуратура тексеріп жатыр.

Қадағалау органы оқиғаның мән-жайын жарияламады. Тергеудің объективтілігі үшін іске жергілікті адам құқығын қорғау ұйымдары қосылды. Қылмыстық атқару жүйесі департаментінде де тексеру тағайындалды.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер