Кері байланыс
+7 707 676 6977
adyrnaportal@gmail.com

"Нарымбаев сот үкімін орындау мақсатында қамалды" – Прокуратура түсініктеме берді

7578
Adyrna.kz Telegram

Алматы прокуратурасы белсендінің Алматы әуежайына келген соң қамауға алыну себебін түсіндірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы orda.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін таңертең Алматы әуежайында ұсталып, тергеу изоляторына жеткізілген оппозиция белсендісі Ермек Нарымбаев бұған дейін шығарылған  сот үкімін орындау үшін қамауға алынған. Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады.

 «Алматы қаласының прокуратурасы 1970 жылы туған Е.Е.Нарымбаевты Киев қаласынан келгеннен кейін Алматы халықаралық әуежайында көліктегі ПД  қызметкерлері ұстағанын хабарлайды. Ол бұған дейін іздеуде болды. Сот үкімі Е.Е. Нарымбаев  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру» бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолданып, кінәлі деп танылды. Сот үкімін орындау мақсатында Е.Е. Нарымбаев  тергеу изоляторына қамалды» делінген хабарламада.

Нарымбаев Украинадан Қазақстанға келген кезде ұсталды. Паспорттық бақылаудан кейін оны бөлек бөлмеге, кейін тергеу изоляторына алып кетті.

Еске салайық, Нарымбаев 2016 жылдың шілдесінде Қазақстаннан қашып кеткен, содан бері Украинада тұрып жатыр. Сол жылы ол Қазақстандағы терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалардың тізіміне енді. Бұл тізім Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің сайтында жарияланған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер