"Үй сыйлаған сақалиттер шығар": журналист 9 жасар балаға үй сыйлағандарды сынға алды

7842
Adyrna.kz Telegram

Жақын арада үйлі болған 9 жасар Оразымбет есімді баланың сөйлеген сөзі қазақстандық журналист Сәуле Әбідлаханқызының көңілінен шықпады, деп жазады "Адырна" тілшісі.

Оразымбет есімді бүлдіршін мүгедек анасы және бауырларымен "үй" деп айтуға келмейтін жерде тұрып жатқан болатын. Кейіннен, "Харекет" қоры 9 жасар баланың арманын орындап, үлкен үйге көшуіне себепкер болды. Осы тақырыпқа байланысты Сәуле Әбілдаханқызы өзінің әлеуметтік желісінде былай деп жазды:

"Бір кішкентай балапанға халық үй сыйлапты, жүрегі жарыла қуанып, рахмет айтып тұрған балақанның видеосын көріп қалдым. Құтты болсын!!! Өсіп-өніп, жаңа шаңырағы қарашаңыраққа айналсын! Анасы аман болсын! Бір адам қуанса, қуанамыз ғой. Ал Ана мен Баланың қуанғаны - Құдайдың қуанғаны...."
Оның айтуынша, кіп-кішкентай, бесіктен белі шықпаған баланың екі сөзінің бірі – «Аллах, Иншаллах, Машаллах, жәннат…» сияқты араби сөздер. Соған қарағанда, үй сыйлаған «сақалиттер» шығар. Араби діннің дәні түсіп үлгерген-міс.
"Тек... әлгі баланың алғыс айтқан видеосын қарап отырғанда, "қап, әттеген-ай!... деген бір түйткіл тұрды көкейде... Кіп-кішкентай, бесіктен белі шықпаған баланың екі сөзінің бірі - "аллах, иншаллах, машаллах, жәннат..." сияқты араби сөздер... (Соған қарағанда, үй сыйлаған сақалиттер шығар...) Араби діннің дәні түсіп үлгеріпті... Өзегіне құрт боп түспесе екен.... Жүрегіне нұр боп құйылса екен...
Балалардың, жеткіншектердің өзегі берік болуы, әртүрлі ағымның жетегінде кетпеуі - отбасымен бірге мектеп мұғалімдеріне бірдей байланысты. Бүгін мектеп оқушыларының өзегіне ұлттық нәрді құймасақ, ертең ол вакуумға "қоқыс" толады да, міне, сол кезде нағыз қасірет, нағыз трагедия болады... Ол кезде Тәуелсіздігіміз де бәйгеге тігіледі..." деді ол.
Пікірлер