Алматылық сәулетші Алматыдағы Республика алаңын алып қалалық саябаққа айналдыруды ұсынды

7504
Adyrna.kz Telegram

"Қасіретті қаңтар" оқиғаларынан кейін зардап шеккен Республика алаңын өзгертуге қатысты түрлі ұсыныстар айтылуда. Данияр Байдаралин алаңды өзгертуге қатысты келесідей ұсыныс жасауда: 

Туған алматылық болғандықтан, мен қырық жастан асқанда Алматыдағы Республика алаңындағы оқиғаларды екі рет бастан өткіздім. Алғашқы ретте 1986 жылда ата-аналар біздің сыныптың барлық балаларын мектептен алып, үйлеріне қамап, күту үшін жүгірді. Одан кейін қәсіретті және тағдырлы «Желтоқсан оқиғалары» болған, және де біздің өміріміз ешқашан бұрынғыдай болмаған. Енді 35 жылдан кейін бәрі қайталанды. Бұл «дежа вю» сезімі болған сияқты, текқана оның барлығы шынайы болды. 1986 жыл кеше ғана болғандай, кенет соңғы 35 жыл бір заматқа қысқартқандай болды. Ал әлі «найзағай бір жерге екі рет соқпайды» дейді!

Сәулетшінің (архитектордың) көзқарасы бойынша, осы оқиғаларда айқын және анық зандылықтары бар. Өйткені, Кеңес сәулетшілерінің ойы бойынша Республика алаңы (сол кезде «Жаңа алаңы» деп аталған) киелі орын, мереке күндерде қала өмірінің орталығы, Билік пен Халықтың бас қосатын орны болып табылған. Кеңес заманында мұнда мерекелер, митингілер, парадтар, әскери шерулер өтіп, республика басшылары мінбер-трибунадан халық алдында сөз сөйлейтін болған. Бұл алаң арнайы адамдардың көп жиналуы үшін жасалған. Кеңес өкіметінің күші кемелденген кезде, бұл алаң 15 одақтас республиканың бірі, Қазақ Республикасындағы КСРО-ның қуаттылығы мен беріктігінің символы болған. Сондықтан, Кеңес өкіметтің астындағы тақ шайқалып тұрған кезде, 1986 жылы көтерілістегі халық дәл осы жерде шыққан, себебі мұндай өткен заманның ескерткіштері әрқашан болашақ өзгерістердің «бірінші нысанасы» болып табылады.
1986 жылдан кейінгі аумалы-төкпелі оқиғалардан сон Қазақстанда жаңа үкімет құрылды. Екпінді де қауіпті 1990-жылдардың орнына тоқ және тұрақты 2000-жылдары келді, сол заманға жаңа пост-кеңестік Қазақстанның аманшылықтың шыңы түсті. Бірақ, 2010 жылдарынан бастап- жаңа өзгерістер көкжиекте болатыны туралы ескерту белгілері пайда болды. 2020 жылдарына қарай, шиеленіс тек күшейіткен, ал 2022 жылдың қаңтарында Қазақстан жаңа дәуірге кіріп аяқ басты. Сонымен қатар, алғашқы пост-кеңестік дәуірдің аяқталуын және жаңа дәуірдің басталуын білдіретін оқиғалары Республика алаңында да өтуіне тіпті ешқандай таңданатыны жоқ. Өйткені ол - киелі орны.

Осылайша, тарихи өлшемы бойынша қысқа мерзімде, осы бір жерде екі маңызды оқиғалар орын алған. Өкінішке орай, оқиғаларының екеуі де қанды қақтығысқа айналдырды, және тәуелсіз Қазақстанның тарихында мәңгілік ашылған жара болып қалады. Оның үстінде, екінші оқиғасы ауқымы, қамтылуы, халықтың қатысуы, қарқындылығы жағынан біріншіден әлдеқайда асып түсті – яғни, жағдайдың нашарлау тенденциясы айқын байқалады. Егерде бұл тенденция жалғасады деп болжасақ, онда үшінші, төртінші және одан әрі қайталауларға дайын болуымыз керек, сонымен олар жиірек және қарқындырақ болу мүмкін. Осылай, қаламыздың Республика алаңындағы көшелерінде болашақ танк шайқастары болу ықтимал. Бұл енді «жаман дәстүрге» немесе тіпті «теріс кармаға» айналып бара жатыр.

«Желтоқсан және қаңтар оқиғалары» қайталанбау үшін «бейбіт азаматтық жолымен» не істеуге болады? Сәулетшінің көзқарасы бойынша, қала ортасы, ғимараттардың, жолдардың, тротуарлардың орналасуы, олардың бағыты мен пішіні, абаттандыруы және безендіруы - бұл қала-құрылысшының арсеналдағы құралдары тұрғындар мен қала қоңақтардың мінез-құлқына тікелей әсер етеді, және оны қалыптастырады. Дұрыс емес қала жобалау теріс өмір сүру үрдістерін тудырады, сондықтан кейбір қала аудандары жоғары қылмыстықтан үнемі зардап шегеді, ал басқа аудандары тыныш және аман болып табылады. Бұл ықпад сәулетшілерге, дизайнерлерге және қала-құрылысшыларға жақсы таныс.

Әрине, бір ғана қалалық сәулеті барлық әлеуметтік мәселелерін шеше алмайды. Соған жақсы тұрақты экономика, сауатты ел билеу, халықты жұмыспен қамту, сенімді болашақ, және т.б. қажет. Бірақ, сәулет саласы ортақ адамдардың өмірін реттеудің мақсатына қуатты үлес қоса алады. Өйткені, тіпті экономикалық тұрғыдан күшті қалалардың ішінде де қауіпті депрессиялық аудандары бар, ал кедей қалалардың ішінде салыстырмалы түрде берекелі аймақтары бар.

Сәулет пен дизайн Алматыдағы «Желтоқсан және қаңтар оқиғаларының» болашақтағы қайталануды қалай болдырмай алады? Сәулетші және қала-жоспарлаушы ретінде мен осындай бірнеше қадамдарды ұсынамын:
1. Республика алаңының «десакрализациясы». Теріс «тарихи жүгі» және осында төгілген қанды ескерсек, бұл жер алматылықтар мен бүкіл Қазақстанның санасында «режимдер құлататын киелі мекені» ретінде мәңгі сақталады. Сондықтан, бұл жерді бұрынғы жағымсыз мәртебеден айырып жіберсек де, және оны жаңа жағымды мәртебесіне ауыстырсақ, біз осы «теріс карманы» бұзамыз.

2. Республика алаңының бағытын өзгерту. Қалыптасқан дәстүр бойынша, халық әр әлеуметтік-экономикалық наразылық туындаған сайын Республика алаңына шығады (бұл мәселе келешек онжылдықтарда көп болады), себебі осы жер біздің ұжымдық санамызда ағымдағы Билікпен байланысты деп сезінеді. Осылайша, Республика алаңы Халықтың Билікке наразылығы мен сенімсіздігін білдіретін алаңға айналды. Егер біз оның мақсатын өзгертсек, онда бұл «жаман дәстүр» өз мағынасын жоғалтады да және бұл жерде шығуы қисынсыз болып қалады.

3. Осыған байланысты Республика алаңының нысаналы мақсатын өзгертіп, оны «Central Park Almaty» (Алматы Орталық саябағы) қалалық саябағына етіп айналдыруды ұсынамын. Мысалыға, әлемге әйгілі «Central Park New York» үлгісі ретінде алуға болады. Бұл - планетадағы ең беделді және айтулы, «әлем астанасы» мәртебесіне ұмтылған қалалардың бірі, - Нью-Йорк қаласының дәл ортасында орналасқан үлкен тікбұрышты саябағы.

4. Ол үшін не істеуіміз керек? Алдымен біз Сәтбаев көшесі бойында, Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін (шамамен 550х90 метр адаңда) көше сегментінде жер үстіндегі көлік қозғалысын алып тастаймыз. Оның орнына біз бүкіл алаңды (шамамен 50 000м2) көгалдандырып саламыз, оны толығымен шөппен, ағаштармен, бұталармен, гүлдермен және басқа жасыл өсімдіктермен егіп безеңдіреміз. Заманауи ландшафты дизайн ең үздік жетістіктерін қолдап, субұрқақтар, жаяу жүру жолдар, пикник және демалыс орындары бар әдемі саябақ аймағын құрамыз.

5. Жаңа алаңды шағын сәулет нысандарымен безендіреміз (шағын архитектуралық формалар - мүсіндер, беседкалар, отырғыштар және т.б.). Осылай бұл жерде демалыс және тыныштық ахуалды жасаймыз.

6. Жаңа саябақ аланын дәл қазіргі уақытта реконструкция өтіп жататын «Алмалы» сауда орталығымен тығыз түрде байланыстырамыз. Бұл сауда орталығы калалық орта сәулеті тұрғысынан соңғы жылдар бойы бүкіл қаладан Сәтбаев көшесінің тас жолымен ажыратылған болды. Сондықтан ол созылмалы түрде қала орталығының төменгі тұрғын аудандарынан «жаяу жүргіншілер ағыннан» аз алды. Қазір «Алмалы» сауда орталығында танымал әрі ұнамды балалар ойын алаңы бар - оны сақтаумыз керек.

7. Ал автокөлік қозғалысымен не істеу керек десек, өйткені бұл Сәтбаев көшесінің бөлігі – өте маңызды көлік торабы болып табылады? Бұл оп-оңай – осы Сәтбаев көшесінің бөлігінің Тәуелсіздік еккерткіші жағынан («Алтын адам» бейнеленген стела) жерастымен өтетін «Алмалы» сауда орталығының кіре-берістегі ыңғайсыз жаяу жүретін тоннельдерін алып тастайық - өйткені енді сауда орталығына жер бетіннен кіруге болады. Оның орнына осы Сәтбаев көшесінің бөлігін жер астындағы тоннелмен өткізіп саламыз. Осылай көлік қозғалысы толығымен сақталып, бірақ жер астында өтеді.

8. Менің ойымша, Тәуелсіздік ескерткіші тарихымыздың бір бөлігі ретінде сақтаумыз қажет. Бірақ оны жаңаша безендіріп, болашақ саябақ ортасына әдемі және органикалық түрде сәйкеске келтіруіміз керек.

9. Әкімшілік ғимаратты мен кешеннің басқа зардап шеккен ғимараттарды (бұрынғы «Хабар» ғимараты және РБК банк ғимараты) қоғамдық ғимараттарға айналуымыз тиіс. Екі рет шабуылға түскен нәрсені қайта тірілтудің қажеті жоқ - «үшінші рет қауіп-қатері өтіп кетеді» деп ойламау керек. Осы ғимараттар тарихи ескерткіштері болғандықтан бұрыңғы келбетіне сайкес қалпына келтіруіміз қажет, бірақ олардың мақсатын өзгертіп - қалаға беруміз керек. Олардың жаңа пайдалану нұсқалары: қоғамдық өмір орталығы, мәдениет сарайы, институт ғимараты және т.б.

10. Байсетова көшесімен байланысы. Бала кезімде Алматыда мұндай қатты көлік қозғалысы болмағандықтан, қала Әкімшілігінің (сол кезде «Үкімет үйі») жанындағы төбешіктерге велосипедпен, шанамен қыдыруға бару үшін біз Жаңа алаңнан кез келген жерден өтіп кететінбіз. Бұл ыңғайлы және қауіпсіз бағыт болған, ата-аналарымыз бізді ұайымдамай жалғыз жіберген. Өкінішке орай, тәуелсіздік жылдарында бұл тығыз байланыс көліктердің көбеюіне байланысты үзілген. Бүгінде Сәтбаев көшесіні өз өмірін қатерге ұшыратпай өту үшін, Желтоқсан көшесі мен Назарбаев даңғылы жаяу жүргіншілер өткелдері арқылы ғана өтуге болады. Осы екі өткелдері бір-бірінен жарты шақырым қашықтықта орналасқан.

11. «Жаңа алаң» жобасы авторларының өте сәтті идеясы бойынша, ол Байсейітова көшесімен біртұтас кешенге қосылған. Байсейтова көшесі Абай даңғылынан төменге қарай шығып, қаланың «жаңа» жоғарғы бөлігін «ескі» төменгі бөлігімен, тікелей ТЮЗге дейін (Жастар театры) байланыстыратын. Яғни Кеңес заманда кез келген адам Мәметова көшесі ауданынан шығып, кедергісіз Арбат, Орталық әмбебап дүкен (Заңғар), Универмаг, маңызды коммуналдық және қоғамдық ғимараттар мен саябақтар, «Ескі алаңы», Опера және балет театры маңайыннан қыдырып, Абай даңғылы және одан әрі Сәтбаев көшесінен жер бетіндегі өткелі арқылы өтіп, Жаңа алаңға дейін жететін.

Осылай Байсейітова көшесі Алматы қаласының кеңестік сәулет өнерінің «інжу-маржан» ғимараттарды тізілген жібі сияқты болған. Ал бүгін көлік қозғалысының көбейткеннен соң және көліктің жаяу жүргіншіден басымдылығынан бұл байланыс бірнеше түйінді жерлерде (Сәтбаева, Абай) үзіліп, әдепкі сәулеттік жобасының мәні жойылды. Бірақ оны қаламыздың тұрғындары мен билігі қаласа, оны әрқашан жаңадан қалпына келтіруге болады, әсіресе ол қазіргі «жаяу жүргіншілер қаласы» трендтік концепциясына дәл сәйкес келеді.

Осылайша, менің ұсынған жобам мыналарды қамтиды:
1. Республика алаңының нысаналы мақсатын өзгерту, оны «Алматы Орталық саябағына» айналдыру.
2. Болашақтағы «Желтоқсан және қаңтар оқиғаларының» қайталануын болдырмау үшін және өткен замандағы жағымсыз бейнесінен айрылу үшін десакрализациялауын өткізу.
3. Қаланың жоғарғы орталық бөлігінің төменгі бөлігімен бұзылған байланысын Байсейітова к-сі арқылы қалпына келтіру.
4. Әкімшіліктің ғимараттарымен, «Алмалы» сауда орталығымен, және басқа кешеніндегі ғимараттарымен байланыстыру.
5. Мәметов-Сәтбаев жаяу жүру бағытын жаңадан қалпына келтіру.
6. Оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа демалыс және босуақ орнын құру.

Егер менің ұсыныстарым біреуге «тым батыл» және әдеттегіден тыс болып көрінсе, онда мен идеяларым біртұтас жаһандық тренд рухына сәйкес келеді деп айта аламын. Мысалыға, айтылған «Нью-Йорк Орталық саябақтың» үстінде келесі ұқсас жобалар туралы айтуға болады:
1. «Чонгхечон» өзені - Оңтүстік Кореяның Сеул қаласының орталығында бұрынғы тас жолы ұзындығы 11 шақырым қоғамдық демалыс кеңістікке айналған. 2005 жылда шамамен 280 миллион доллар тұратын қайта құрудан кейін ашылды. Бұл Сеул тұрғындары мен туристері арасында қаланың басты танымал көрікті жерлерінің бірі.

2. Нью-Йорк қаласындағы «High Line». Манхэттендегі жерден 10 метр биіктікте көтерілген теміржолды жаяу жүргіншілер қыдыратын жолға айналдырылған. Оның жалпы ұзындығы 2,33 км, және ол мегаполис тұрғындары мен қонақтары үшін ашық ауада демалуға арналған маңызды орын болып табылады.

3. «Таймс-сквер» - Нью-Йорк қаласындағы Манхэттен ауданда, Бродвей мен Жетінші авеню қиылысында орналасқан. Нью-Йорктегі «театр квартал» орталығы. Таймс-сквер - жыл сайын 50 миллионға жуық келушілерді тартатын әлемдегі ең көрікті орындардың бірі. Бұл алаңды «әлемнің қиылысы» деп атаған, өйткені 2009 жылы онда көлік қозғалысы тіпті тоқтатылып, жаяу жүргіншілер аймағына айналған.
Осы және басқа жүздеген дүние жүзіндегі ескі қалалық кеңістіктерді заманауи рухына сәйкес қайта құрған сәтті жобалары біздің әрдайым өзгеретін әлемде үлкен оң әсер ететіндігін көрсетеді. Халықтың өзгерген басымдықтары қала сәулетінде көрініс тапқанда - бұл мүлдем қалыпты жағдай. Ал біздің Алматы қаласы осындай өзгеріске үлгі болып, өзінің мұңды өткен оқиғалардан қалған жараларынан «ем» ала алады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер