Сын сағаттағы сын сұхбат

2095
Adyrna.kz Telegram

Қаңтар оқиғасында қыршын кеткен боздақтардың өмірі, жақынынан айырылып, аңырап қалған жандардың қара түнек басқан көңілі жүректі қан жылатқан қазіргі  кезеңде Республика Президентінің дәл осы сұхбаты сөзсіз керек еді. 

Әлбетте, сұхбат аясында «Жүйені, жүйенің функциясын өзгерту, парламент жүйесін, партиялық жүйені өзгерту», «Ұлттық қауіпсіздік жүйесін реформалау және сол жүйедегікезек күттірмейтін проблемаларды шешу» турасында айтылған ойлар көкейге үлкен үміт ұялатады.  Бұл ретте,  Қасымжомарт Кемелұлының «Жауапкершілікті өзіме алдым» деген сөзі,  Германияның үздік үлгісін тілге тиек еткені ерекше ізгі әсер қалдырды.

Әрине, «Жақсы сөз – жарым ырыс»,  тек айту бар да, жүзеге асыру бар.  Айтпасқа шара жоқ, әлі күнге Алматы халқы үрей үстінде, «түнде не боп қалар екен?» деп, кірпік айқастырамыз, «Бүгінгі күн тыныш болса екен!» деп таң атырамыз.  Қазақтан сөз қалмаған. Ата- бабаданасылмұра, аманат боп жеткен, ойып айтатын, орнына қойып айтатын көсем, шешен қасиетті қазақ тілімен айтқанда, түбінің қайырын берсін! Сын сағаттағы сын сұхбатта айтылған ізгі жоспарлар ізгілікпен іске ассын!

 

Жидегүл Әбдіжәділқызы,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының доценті

Пікірлер