Үштөбедегі православ зираттарын қорлады деп күдіктелген адам ұсталды (ВИДЕО)

3004
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында православ христиандарының зиратын бұзды деген күдікке ілінген психикалық ауытқуы бар адам ұсталды. Бұған дейін белгісіз біреулер Үштөбедегі православ христиандарының зиратын бұзғаны туралы хабарлаған болатын, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Оның видеосы әлеуметтік желіде жарияланып, вандализм қоғамның ашуын тудырды. Оған президент Қасым-Жомарт Тоқаев та үн қосты. Мемлекет басшысының тапсырмасымен вандализм жағдайы ішкі істер министрлігінің бақылауына алынды.

Sputnik.kz сайтының мәлімдеуінше, бүгін Алматы облысының полицейлері 34 жастағы ер адамды ұстады. Ол зираттарды бұзуға қатысы бар деген күдікке ілінді. Үштөбе полициясына жеткізілген ер адамның бала кезден психикалық ауытқуы бар болып шықты. Оның іске қатыстылығы сараптама және куәгерлер арқылы анықталды.

- Вандализм әрекеті 16 қаңтарда орын алғаны белгілі болды. 14 зиратқа залал келтірілген. Олардың қоршаулары сындырылып, кресттері мен қабір басындағы жазулары жұлынған. Ұрлау фактісі тіркелген жоқ. Зираты қиратылғандардың туыстарына хабар берілді, - делінген хабарламада.

Қазіргі күні күдіктіні психоневрологиялық диспансерге орналастыру мәселесі шешіліп жатыр. Күдіктінің анасы ұлының әрекеті үшін кешірім сұрап, видео жариялады. 

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер