Қоғам белсенділері қарызға батырған казиноларды жабуды талап етті

1045

Елімізде онлайн казинолар көбейіп кетті. Шығынға шаш етектен батыратын құмар ойындарды насихаттайтын сайттардын санына алаңдаған қоғам белсенділері оларды шектеу керек деп санайды. Олардың айтуынша, мәселе бүгінгі қоғамда өте өзекті болып тұр. Тіпті жыл сайын елімізде 350 мың адам құмар ойындарының құрбанына айналатын көрінеді. Бұл жайында “Адырна” ұлттық порталы Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Нұрислам бір кезде құмар ойынның соңынан кетіп, қолындағы барынан айрылғандардың бірі. Мұның айықпас дерт екенін білген ол басқа қалаға қоныс та аударған. Ондағы ойы ойынқұмарлықтан арулы болған еді дейді өзі. Алайда бұл дерттен айығу өзі ойлағандай оңай болып шықпаған. Тіпті қарызға белшеден батқан күндері болғанын айтып, еске алады.

"Бастапқыда қызуғышылық болды, барлығы ойнайды, маған да болады ғой деген сияқты. Үйден аздап ақша ұрлай бастадым, қарыз көбейе бастады. Барлығын ұтылғаннан кейін, басқа қалаға қашып кеттім. Отбасы құндылықтарынан айырылдым, өмірге деген көзқарас өзгерді, бала-шаға, ата-анамен сөйлесуде қызық болмай қалды", - дейді елордалық Нұрислам Әліпбайұлы.

Ол бұл аурудың нашақорлықтан айырмашылығы шамалы екенін айтады. Дегенмен мақсатынан бас тартпаған Нұрислам, бүгінде бойындағы дертті жеңіп, қазір өзі сияқты ойынқұмарлықтан арылғысы келетіндерге көмек көрсетіп жүр.

Психолог маманның айтуынша, құмарлықтың шегі болмайды. Адам саналы түрде өзін тежемейінше, тоқтамы жоқ дейді. Ал, құмарлықтың ең қауіптісі бұл - жеңіс деп отыр. Ақша табудың оңай жолын іздегендер десек қателескеніміз, олар тек жанның рахаты үшін ойнайтындар деп санайды ол.

"Азартта ең қауіптісі, ең жаманы бәсте жеңу. Бір рет жеңген адам, 100 рет жеңілген адам мен бәрібір түбінде жеңемін жалған үмітпен ойнай береді. Ақша табудың жолымен баратындар сирек, көбіне ақшасы барлар барады. Мысалы, казиноға барғанда қалтаңызда 2000-5000 мың доллар болмаса кіргізбейді казиноға", - деп түсіндіреді отбасылық психолог Ержан Мырзабаев.

Бүгінде онлайн казинолардың құрбаны еселенуде. Қоғам белсендісі қайрат Құдайберген осыған алаңдаулы. Ол құмар ойындарға  түбегейлі шектеу қоюды талап етеді. Мәселені әлеуметтік желіде көтеріп, онлайн казино, бинго сияқты сайттық платформалардың жұмысын сынады.

"Ойынқұмарлық, игромания жанұя институтында құртады. Қаншама адамдар ажырасып жатыр. Қаншама адамдар қазір қарызға батып, біреудің өмірімен ойнап жатқан ойынқұмарлардың казинолардың, бинголардың қалтасын толтырып жатыр. Біз букмекерлер, онлайн казино, және бинго деген сиятқтылардың көзін құрту керекпіз", - дейді қоғам белсіндісі Қайрат Құдайберген.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket