Үкімет бізді алдап келеді - СЕНАТОР

930

Қазақстанда бір миллионға жуық бала өте кедей отбасында тәрбиеленуде. Үкімет өтірік статистикасы арқылы оларға көмек көрсетуге мүмкіндік жасамайды дейді сенаторлар. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталы хабарлайды. 

"Қазақстанда кедейшілік жоқ" деген ұранды ту еткен жергілікті органдар мемлекеттің оларға көмек беруіне мүмкіндік жасар емес. Жоғары палата өкілдері жұмыссыздық пен кедейшілік деңгейін үнемі төмен көрсетіп, ұпай жинауға тырысады деп ренжулі.

Ресми ақпаратқа сенсек, 2021 жылы елде 450 мың адам жұмыссыз болған. Яғни кедейшілік деңгейі төрт жарым пайыздан аспайды. Ал шынтуайтында, қазір екі миллион азаматтың тұрақты жұмысы, не ай сайын алатын айлығы жоқ, деп хабарлады КТК.

Елдің әлеуметтік әлеуетін тек жақсы санмен өрнектейтін Қазақстанның оптимистік тәсіліне Мұрат Бахтиярұлы аң-таң.

"Елдегі осы кезге дейінгі кедейшілік деңгейін анықтауда қазақстандық тәсіл кедейлікті төмендетіп көрсетіп келеді. Кедейлік шегін өлшейтін әлемдік стандарттарға шығуға не кедергі болып отыр? Деректерге сүйенсек, 1 миллионға жуық балалар ең кедей отбасыларда тұрып жатыр. Үкімет бірінші кезекте кедейшілікпен күресудің жаңа жүйесін жасау керек", - дейді сенат депутаты Мұрат Бахтиярұлы.

Оның пікірінше, келешекте жалған статистикадан толыққанды арылу қажет. Тәтті өтіріктен ащы шындық анағұрлым жақсы, дейді ол.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket