Арыстанғани Заппаров Алматы облысының полиция департаментін басшысы қызметіне тағайындалды

1852
Adyrna.kz Telegram

Ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Арыстанғани Заппаров Алматы облысының полиция департаментін басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Қазіргі криминогендік жағдайды ескере отырып, кадрлық әлеуетті нығайту, қылмысқа қарсы күресті күшейту, азаматтардың қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер министрінің бұйрығымен ҚР президенті әкімшілігімен келісе отырып, бұрынғы вице-министр Заппаров Арыстанғани Расилханович Алматы облысының полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жеке құрамға өзінің жаңа орынбасары Ержан Сәденовті таныстырды.

"Мемлекет басшысы ішкі істер органдарын дамытуға ерекше көңіл бөліп, департамент алдына азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыспен күресу және полицияны халықпен өзара әрекеттесудің сервистік үлгісіне көшіру бойынша нақты міндеттер жүктеп отыр, осы міндеттерді орындаңыз", - деді министр Ерлан Тұрғымбаев.

2019 жылдың шілде айынан бастап Арыстанғани Заппаров ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарды.

Арыстанғани Заппаров 1969 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1993), Ішкі істер министрлігі академиясының Заң институтын (2002) бітірген.

1993-2001 жылдары Жамбыл және Алматы облыстары ІІБ, Алматы қаласы ІІБ жедел штабы қызметтерін атқарған.

2001 жылдан бастап Алматы облысы Ішкі істер департаментінің жедел бөлімшелерінде басшылық қызметтерде жұмыс істеген.

2010 жылы Алматы облысы ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы болып тағайындалды.

2012-2013 жылдары Алматы қаласы және Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің қалалық билік органдарының басшылары лауазымдарын атқарған.

2013-2014 жылдары көліктегі ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы.

2014-2016 жылдары Ішкі істер министрлігі Ішкі қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары болды.

2016-2017 жылдары Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары болды.

2017 жылдың желтоқсан айынан бастап ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы күрес департаментін басқарды.

2019 жылдың сәуір-шілде айлары аралығында Қызылорда облысының полиция департаментін басқарды.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер