«Қаңтар оқиғалары»: 1 822 қылмыстық іс қозғалды

1266

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Президентке еліміздің барлық өңірінде жүргізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» деп аталатын шұғыл алдын алу шараларының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Халықтан заңсыз сақтап отырған қаруларын алу ісі жалғасуда. Ведомствоның мәліметі бойынша терроризм, кісі өлтіру, билік өкілдеріне зорлық-зомбылық көрсету, бұзақылық, мемлекеттік органдардың ғимараттарына шабуыл жасау және басқа да қылмыстар бойынша 1 822 қылмыстық іс қозғалған. Оның 116-сы арнаулы прокурорларға жолданған. ІІМ жеке қауіпсіздік департаменті жанынан сенім телефоны іске қосылған.

Министрдің айтуынша, ұсталған азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында құқық қорғау ұйымдарымен тығыз ықпалдастық орнатылған.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket