Тимур Құлыбаев сәбізді арзандату үшін мемлекеттен 110 млрд теңге несиені қалай алды?

23516

Пандемия кезінде елімізде сәбіз бағасы аспандап кеткені бәріне мәлім. Осы орайда Елбасы, бұрынғы Президенттің күйеу баласы сәбіз бағасын арзандату үшін мемлекеттен 110 млрд теңге несиені қалай алғаны туралы "Protenge.kz" жазды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мемлекет біраз уақыттан бері сәбізді, картопты және басқа да жеміс-жидек, көкөніс бағасын арзандатуға тырысуда. Пандемия кезінде үкімет бүкіл ел бойынша көтерме тарату орталықтары желісін (КОЖ) құруға көшті. Бұл жерде Үкіметтің логикасы мынадай болды: фермерлер КОЖ-ға өз өнімдерін делдалдарсыз тікелей сатады, КОЖ өнімдерді бірден дүкендер мен базарларға жібереді. Ал "ашкөз делдалдар" болмағандықтан, баға төмендейді.

Барлық 24 КОЖ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік принципіне негізделетін болады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікте бір тиімді нәрсе бар: іскер серіктес бірден КОЖ құрылысына инвестиция салады. Мемлекет содан кейін нысанды мұқият қарайды, егер құрылыс мінсіз салынған болса, онда бизнес шығындарды өтейді. Егер олқылықтар болса, онда кәсіпкер үкіметтің ақшасын "көрмейді". Былай алып қарағанда біз бұл жобаға сенімді болдық.

Кейін белгілі болғандай, 100 пайыз мемлекет меншігіндегі Қазақстанның Даму банкі жеті КОЖ үшін 110 миллиард теңге несие берген, бұл жерде бірінші кезеңнің құны 138 миллиард теңге болғаны белгілі болды. Яғни, КОЖ құрылысына мемлекеттен 10 жылға 13,68 пайыз мөлшерінде қолдау алып отырады.

Қазақстанның Даму банкінен несие алған ЖШС "Ұлттық сауда-тарату желісі" деп аталады. Шын мәнінде, бұл атау КОЖ-ды дамыту жөніндегі мемлекеттік жобаның атауын қайталайды. Бұл кездейсоқтық, солай ма?

Бұл ЖШС 2020 жылы пайда болды, дәл сол кезде үкімет КОЖ құруға кірісті. Не деген сәйкестік, атаулы күн, десеңші?! Бұл компанияның ерекшелігі сол, оның түпкілікті иелерінің бірі, бұрынғы Президент Н.Назарбаевтың күйеу баласы, дүниежүзілік Forbes тізімінің мүшесі, 2,8 миллиард доллар байлығы бар Тимур Құлыбаев.

Сонымен, егер біз "келісімді" шынымен жеңілдететін болсақ, бұл мәміле қазақстандықтар үшін нені білдіреді? Бұл КОЖ шын мәнінде мемлекет ақшасына салынып, сосын мемлекет осы көтерме-тарату орталықтары желісін мемлекет ақшасына сатып алатынын білдіреді. Міне, қызық...

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket